Эстрада жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол командасының логотипі жарияланды

Эстрада жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол командасының логотипі жарияланды

Қазақстанның эстрада жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол командасының танымбелгісі (логотип) дайын болды, – деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Ғаділбек Жаңай мен танымбелгі авторы дизайнер Шалхар Ақанов әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлап жазды.


«Алатау» футбол клубы отандық футболды қолдау мақсатында 2004 жылы құрылған болатын. Қазіргі таңда оның құрамында Мейрамбек БеспаевСәкен МайғазиевКенжебек ЖанәбіловМұқасан ШахзадаевЖұбаныш ЖексенұлыЕрлан ӘлімовҒаділбек Жаңай"Арай" тобы"Rin'Go" тобыНұржан КерменбаевДәурен Сейітжан және тағы басқа да өнер жұлдыздары бар. Танымбелгі әлеуметтік желілерде көпшілік көңілінен шығып, команда құрамындағы ойыншылардың да ойындағыдай жасалғаны сезіліп отыр. Осыған орай біз танымбелгі авторы жас дизайнер және архитектор Шалхар Ақановқа хабарласып толығырақ ақпарат сұраған едік.

- Маған танымбелгіні жасау туралы ұсыныс әнші Ғаділбек Жаңай ағамыздың тарапынан көктемде түскен еді. Уақыт аздау болып осы күнге дайын болды. Кеше әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін «Алатау» командасының сапында ойнайтын жігіттер алғысын айтып жатыр. Ғаділбек ағаның өзі де жігіттерге ұнағанын жеткізді. Ешқандай өзгеріс енгізбеуіме болатынын айтты. Өйткені, ұнамайтын тұстары болса, қайта ақылдасып шешеміз деп келіскен болатынмын. Алдағы уақытта жаңа танымбелгімен өнер көрсететін клубқа табыс тілеймін, - деді.

Біз де ел эстрадасының жұлдыздарынан құралған клуб ойыншыларына шығармашылық табыс пен жетістіктер тілейміз.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: massaget.kz, Shalkar Akhanov

Ө. Сансызбай