«Астана» швециялық клубпен тең тарқасты

«Астана» швециялық клубпен тең тарқасты

Еуропа лигасының үшінші електік кезеңіне өткен елордалық «Астана» өз алаңындағы швециялық «АИК» командасына қарсы бірінші кездесуде 1:1 есебімен тең тарқасты. 

«Астана-Арена» стадионының иелері бүгін бар басымдықты қолда  ұстап өнер көрсететінін бірінші таймда-ақ байқатты. Бірақ, бірінші болып «АИК» есеп ашты. Қорғаушылар қателігі мен қақпашының алға шығып кеткенін байқаған қонақтар ойыншысы Набиль Бауи мергендік танытты. Бірінші тайм аяқталар тұста Георгий Жуковтың тамаша пасынан кейін Танат Нөсербаев допты баспен бағыттап қақпа торын тулатты. Екінші таймды да жерлестеріміз толық басымдықта өткізгенімен швециялық клубтан айласын асыра алмады. Нәтижесінде 1:1 есебі тіркелді. Келесі кезеңге өтетін команданың тағдыры бір аптадан кейін Стокгольмде өтетін кездесуде шешілетін болды. 

Дайындаған:Өмірбек Сансызбай

Сурет:vesti.kz

Ө. Сансызбай