Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

Кездесу 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясында ұйымдастырылып отыр. Ойын 12 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы – сағат 19:30.

Қазақстан және Тәжікстан құрамалары өзара үш мәрте кездесу өкізген. Оның екеуінде қазақстандық футболшылар басым түссе, бір ойын тең есеппен аяқталған.

Алдын ала хабарлағанымыздай, ұлттық құрама футболшылары тамыз айының 5-13 аралығында Талғар қаласында арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Сол жерде 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындықтар пысықтап, алдағы жоспарлар айқындалатын болады.

Өткен аптада Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан құраманың кеңейтілген тізімін жариялаған болатын. Құрама ойыншыларымен толығырақ мына жерден таныса аласыздар.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Н. Айдархан