Гэри Шоу: "Орта салмақта Головкинге тең келер ешкім жоқ"

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Гэри Шоу: "Орта салмақта Головкинге тең келер ешкім жоқ"

Аустралиялық боксшы Дэниэл Гилдің промоутері Гэри Шоу қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен шәкіртінің арасында өткен кездесу туралы өз ойын білдірді.

БӨЛІСУ

Жаңа ғана орта салмақтағы WBA (Super) және IBO чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы кездесу өз мәресіне жеткен болатын. «Madison Square Garden» кешенінде өткен кездесуде отандасымыз айқын басымдылық танытып, өз атағын қорғап қалды. Гэри Шоудың айтуы бойынша, шәкірті Головкинге 12 раунд бойы төтеп беруге тиіс болатын. Алайда Генаның тегеурінді қарқынын көріп бастапқы пікірін өзгертуге мәжбүр болған. Промоутер қазақстандық боксшыға орта салмақта ешкім тең келе алмайтынын атап айтып өтті.

 «Головкин  - орта салмақтағы мен көрген боксшылардың ең үздігі. Гена – ұлы боксшы, онда үлкен күш те, тамаша техника да бар. Орта салмақта оны ешкім жеңе алмайды. Бұл салмақта Головкинге 12 раунд бойы төтеп бере алатын боксшы барына сене алмаймын», - дейді Гэри Шоу.

Айта кетсек, Геннадий Головкин Дэниэл Гилді еш қиналмастан жеңіп, кәсіпқой бокстағы 30-шы жеңісін тойлады. Оның 17-шісін уақытынан бұрын аяқтап отыр. 27 рет қарсыластарын нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы ең көп бұл жетістікті бағындырған боксшы атанды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: allboxing.ru