Қазақстандық волейболшылар хорват әуедопшы аруларынан ұтылды

Қазақстандық волейболшылар хорват әуедопшы аруларынан ұтылды

Волейболдан әйелдер арасында Алматыда өтіп жатқан әлемдік «Гран-придің» екінші күнінде Қазақстан құрамасы Хорватия әуедопшы аруларынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Бірінші кезеңді (партия) жерлестеріміз аса сәтті бастай қоймады. Қонақтар сәт сайын алға озумен болды. Нәтижесінде Александр Гутор шәкірттері 22:25 есебімен есе жіберді. Екінші кезеңде қазақстандық әуедопшы арулардың жеңіске жетуіне мол мүмкіндік болды. 4 ұпайға озып тұрып, сылбырлық танытып алды. Қорғанысты көбіне естен шығарумен ойнаған Қазақстан құрамасы тағы да бірінші кезеңдегідей есеппен ұтылып қалды. Аса тартысқа толы болған үшінші кезеңде де хорваттықтар жеңіске жетуге таяу болды. Бірақ, жанкүйерлер алдында намысқа тырысқан қазақстандық волейболшылар 27:25 есебімен жеңіске жетті. Ал төртінші кезеңді қарсыластар аса жоғары қарқынмен бастап, 20:25 есебімен жеңіске бастар жолды таба білді.

Ал бұл кездесуге дейін сынға түсіп үлгерген ойында Чехия құрамасы аустралиялық әуедопшы аруларды үш кезеңде де тізерлеткен болатын. Ертең Қазақстан құрамасы екі кездесуде де жеңіске жеткен чехтармен ойнаса, Хорватия мен Аустралия құрамалары кездеседі. 

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: volley.kz

Ө. Сансызбай