«Астана» - үшінші електік кезеңде!

«Астана» - үшінші електік кезеңде!

Еуропа лигасында бақ сынап жатқан елордалық «Астана» түзде тель-авивтік «Хапоэльден» ұтылғанмен, қос кездесу қорытындысында келесі кезеңге өтті.

«Астана-Арена» стадионында өткен бірінші кездесуде елордалық клуб қарсыластарын үш доп басымдығымен жеңген-ді. Бұл нәтиже жерлестеріміздің келесі кезеңге өтуіне үлкен септігін тигізді. Кипрде өткен қарымта кездесуде жерлестеріміз 1:0 есебімен жеңіліс тапты. Тель-авивтік ұжымға жеңіс сыйлаған голды 56 минутта «Хапоэльдың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Саша пенальтиден соқты. Қос кездесу қорытындысында 3:1 есебімен үшінші електік кезеңге өткен Станимир Стойлов шәкірттері енді Швецияның «АИК» командасымен кездеседі. Бірінші кездесу Астанада өтсе, шешуші ойын қонақтар алаңында өтеді.

Осыған дейін Еуропа лигасының үшінші кезеңіне өткен қарағандылық «Шахтердың» қарсыласы Хорватияның «Хайдук» командасы болды. Бірінші ойын Қарағандыда өтеді. Еурододаны жалғастыру жолдамасын иеленген үш отандық футбол ұжымдарына сәттілік тілейміз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай