«Қайрат» үшінші кезеңге өте алмады

«Қайрат» үшінші кезеңге өте алмады

Еуропа лигасының екінші електік кезеңінде даниялық «Эсбьерг» командасымен жолы түйіскен алматылық «Қайрат» азулы қарсыласты айналып өте алмады.

Владимир Вайсс шәкірттерін Еуропа лигасында сәтті өнер көрсетті деп айтуға негіз бар. Жүйелі ойынымен жанкүйерлерін желпінткен ұжымға ешкім де өкпе айта қоймас. Бірінші таймда қарсыласпен терезесі тең өнер көрсетсе, екінші таймда ойындағы басымдықты қолға алып, таразы басын теңестіруге барынша тырысты. Тек өз кезектерінде аздап сәттілік пен шешуші соққылар жетіспеді. Нәтижесінде 38 минутта Анкерсеннің соққан голы келесі кезеңге өту мүмкіндігін шешіп кетті. Енді дат ұжымы Польшаның «Рух» командасымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, Чемпиондар лигасында ел намысын қорғап жатқан «Ақтөбе» кеше тбилисилік «Динамоны» жарыс жолынан шығарса, Еуропа лигасында қарағандылық «Шахтер» литвалық «Атлантастан» айласын асырды. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай