Филипп Лам ұлттық құрамадағы спорттық мансабын аяқтауға шешім қабылдады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Филипп Лам ұлттық құрамадағы спорттық мансабын аяқтауға шешім қабылдады

Германия құрамасының капитаны Филипп Лам ұлттық құрамадағы спорттық мансабын аяқтауға шешім қабылдады. Бұл туралы неміс басылымдарына сілтеме жасай отырып "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Филипп Лам ұлттық құрама сапына 2004 жылы қосылды. Ол ел құрамасымен бірге 2006 және 2010 жылғы Әлем чемпионаттарының қола жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, 2008 жылғы Еуропа біріншілігінің күміс жүлдесін ие болды. 2012 жылғы Еуропа біріншілігінде де Германия құрамасы жүлделі үшінші орыннан көріне білді. Ламның ең басты жетістігі – биылғы өткен Әлем чемпионаты. Өздеріңізге белгілі, кеше ғана Бразилия елінде аяқталған Әлем чемпионатында Германия құрамасы үздік өнер көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген болатын.

Филипп Лам клубтық карьерасында өз елінен ұзап шықпаған екен. Яғни, ол 17 жасында «Баварияның» екінші командасына қабылданып, біраз уақыт тер төккен. Одан кейін «Баварияның» негізгі құрамының қатарына ілігіп, бірнеше жыл үздік өнерімен көзге түскен. 2003—2005 жылдар аралығында «Штутгарт» клубының сапында доп теуіп, 2005 жылы «Бавария» қатарына қайта оралған. Отыз жастағы футболшы «Бавария» клубымен 2018 жылға дейін келісімге отырған көрінеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: sport.bigmir.net