Бүгін еурокубок жеребесі тартылады

О Сансызбай Корреспондент
Бүгін еурокубок жеребесі тартылады

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады. Байрақты бәсекені жалғастыратын ел клубтары алдағы қарсыластарын білетін болады.

БӨЛІСУ

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне 47 команда қатысады. Ал оның 34-і екінші електік кезең аяқталғаннан кейін белгілі болса, 13 клуб осыған дейін анықталып қойған болатын. УЕФА-ның рейтингінде коэффициенттері жоғары клубтар бір топқа топтастырылса, нәтижесі көңіл көншітерлік емес ұжымдар бір топқа топтастырылу арқылы жеребе тартылады.

Еуропа лигасының үшінші електік кезеңіне 98 команда жолдама алады. Оның 18-і анықталып үлгерген болса, 40 команда екінші кезеңнің қарымта кездесулерінен кейін белгілі болады. Сонымен қатар, бір елдің клубтары мен қазіргі таңдағы «қырғи-қабақ» саясат ұстанып отырған мемлекеттердің футбол клубтары бір-бірімен кездеспейді. Жеребе тастау рәсімі Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Осыған дейін еурокубок сындарында ел намысын қорғап жатқан Қазақстан клубтары УЕФА-ның клубтар рейтингінде еліміздің нәтижесін жоғарылатты. 2.125 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы Грузия мен Молдова елдерін басып озып, 32-ші орынға тұрақтады. Кеше аяқталған Еуропа лигасының ойындарын қосқанда, қазақстандық 4 клуб 10 кездесуден 7 жеңіс пен 3 тең кездесу нәтижесін көрсетіп отыр. Әзірге жеңілістің ащы дәмін татпаған жерлестерімізге сәттілік тілейміз! 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:vk.com