«Арландардың» жаңа маусымдағы қарсыластары анықталды

«Арландардың» жаңа маусымдағы қарсыластары анықталды

Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Astana Arlans» бүгін бесінші маусымдағы қарсыластарын анықтады.

Стамбулда өткен жеребе тартудан кейін қазақстандық команда «B» тобына түсті. Сонымен олардың осы топтағы қарсыластары: «Argentina Condors» (Аргентина), «Venezuela» (Венесуэла), «USA KnocKouts» (АҚШ), «Italia Thunder» (Италия), «Azerbaijan Baku Fires» (Әзірбайжан) және «Poland Hussars» (Польша) клубтары. Тағы бір клуб алдағы уақытта белгілі болады.

Ал «А» тобына төртінші маусым жеңімпаздары «Cuba Domadores»-тан бөлек, «Ukraine Otamans» (Украина), «Russia Boxing Team» (Ресей), «Germany Eagles» (Германия), «Algeria Desert Hawks» (Алжир), «Mexico Guerreros» (Мексика) пен Марокко және Қытай елінің бір-бір бокс клубтары топтастырылды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен маусымда «Astana Arlans» жартылай финалда әзірбайжандық «Azerbaijan Baku Fires» боксшыларынан жеңіліп қалған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай