Алексис Санчес «Арсеналға» ауысты

Алексис Санчес «Арсеналға» ауысты

Чили құрамасының және «Барселона» клубының үздік ойыншысы Алексис Санчес лондондық «Арсенал» клубының қатарына қосылды.

Британдық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, трансфердің бағасы 30 миллион долларды құрап отыр. Жиырма бес жастағы шабуылшы енді каталондық команданың сапында бес жыл доп тебетін болады. Чилилік сұрмерген кеше ғана Лондон қаласында медициналық тексеруден өткен екен.

Санчес өзінің жаңа командасы туралы: «Арсеналға» келгенім үшін қуаныштымын. Бұл команда да тамаша бапкер мен фантастикалық құрам бар, және әлемдегі жанкүйерлердің үлкен бөлігі Лондон қаласында шоғырланған. Мен енді «Арсенал» сапында өзім шығатын премьер-лига мен Чемпиондар лигасы ойындарын асыға күтетін боламын», - дейді.

Санчес жаңа командасының қатарына шілде айының аяғында қосылады. Футболшы қазір Бразилия өтіп жатқан Әлем чемпионатына қатысты біраз уақыт демалыс алды. 

Санчестің «Арсеналға» ауысып келуі туралы команданың бас бапкері Арсен Венгер: «Санчес біздің команданың күшін арттырады әрі серпіліс алып келеді. Біз оның қатарымызға қосылуын асқан шыдамсыздықпен күтеміз. Алексис соңғы өткізген бірнеше маусымды жоғарғы денгейде аяқтады. Оның «Арсеналды» таңдағаны үшін қуанаштымыз. Команда жанкүйерлері де менің бұл пікірлеріммен келіседі деп ойлаймын», - деп өз пікірін білдірді

Чили құрамасының үздігі Бразилияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында төрт ойын өткізді. Төрт ойында екі доп соғып, бір нәтижелі пас берген.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: prosportkz.kz

Н. Айдархан