«Қайрат» - Еуропа лигасының екінші електік кезеңінде!

«Қайрат» - Еуропа лигасының екінші електік кезеңінде!

Еуропа лигасының електік кезеңінде ел намысын қорғап жатқан қазақстандық клубтар бірінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. Жаңа ғана алматылық «Қайрат» сырт алаңда албаниялық «Кукесимен» тең ойнады.

Алматыда өткен алғашқы кездесуде Владимир Вайсс шәкірттері соңғы минутта Аслан Дарабаевтың соққан голының арқасында жеңіске жеткен-ді. Бір доп айырмасы екі клубтың да келесі кезеңге шығу мүмкіндігінің көрсеткіші болғандықтан, қарымта кездесудің маңызы зор болды. Жаңа ғана Албания астанасы Тиранада өткен ойында есеп ашылмады. Нәтижесінде «Қайрат» Еуропа лигасының екінші кезеңіне аяқ басты. Осыған дейін бұл кезең жолдамасын елордалық «Астана» мен қарағандылық «Шахтер» иеленген болатын. 

«Кайрат» екінші іріктеу кезеңінде Данияның «Эсьберг» командасымен, «Астана» Израильдың «Хапоэль», ал «Шахтер» литвалық «Атлантас» футбол клубымен кездеседі.

17 шілде

«Кайрат» (Қазақстан) - «Эсьберг» (Дания)

«Атлантас» (Литва) - «Шахтер» (Қазақстан)

«Хапоэль» (Израиль) - «Астана» (Қазақстан)

«Кукеси» (Кукес, Албания) — «Кайрат» (Алматы, Қазақстан) 0:0
Ескерту: Душкай 73 — Кислицын 29
«Кукеси»: Халили, Смайляй, Душкай, Халачи, Бицай, Алмуча (Шамети 72), Мусоли, Луштаку (Хюса 59), Цикалеши, Ходжа (Перич 80), Пейич
«Қайрат»: Хомич, Плиев, Гурман, Кислицын, Смаков, Михалик, Исламхан, Кнежевич (Лунин 46), Бакаев, Едигарян (Исаэл 63), Гоу
Төреші: Нил Дойл (Ирландия)
Тирана. «Кемаль Стафа».

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай