«Астана» «Пюникке» айқын басымдығын танытты

«Астана» «Пюникке» айқын басымдығын танытты

«Астана» футбол клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті. Жаңа ғана аяқталған «Пюникпен» қарымта кездесуде жерлестеріміз 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осыдан бір апта бұрын Армения жерінде өткен алғашқы кездесуде «Астана» командасы 1:4 нәтижесіне қол жеткізген еді. Осы көрсеткіштен кейін-ақ армениялық клубтан жерлестеріміздің мысы басым екені байқалған-ды.

Жаңа ғана «Астана-Арена» стадионында аяқталған кездесудің есебін 20 минутта Бауыржан Жолшиев ашты. Екінші таймда Дмитрий Шомко жойқын соққысымен таблодағы нәтижені өзгерте білді. Нәтижесінде қазақстандық қос клуб та Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 6:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Енді Стонимир Стойлов шәкірттері Израильдың «Хапоэль» футбол клубымен кездеседі. 


Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай