Бүгін Еуропа лигасы ойындары өтеді

Бүгін Еуропа лигасы ойындары өтеді

Бүгін футболдан Еуропа лигасының жартылай финалында жұптары түйіскен командалар арасындағы алғашқы ойындар өтеді. Назарларыңызға кездесулер алдындағы шолуымызды ұсынамыз.

«Бенфика» (Португалия) – «Ювентус» (Италия)


Португалдық клуб бүгін өз алаңында финал мәселесін шешуге талпынары белгілі. Өйткені, шешуші кездесу Туринде өтеді. «Бенфика» ел чемпионатын жеңіп үлгерсе, «Ювентус» «Ромадан» сегіз ұпайға озып келеді.

Еурододаның соңғы түздегі кездесулерінде Антонио Конте командасы сәтті өнер көрсетіп жүр. Ал лиссабондық команда өз алаңындағы барлық ойында гол соғуда. Бұл дәстүрдің бүгінде қайталануы бек мүмкін. Букмекерлік орталықтар да бұл кездесудің нақты фаворитін айқындап отырған жоқ. Ал футбол мамандары ойын 2:1 есебімен алаң иелері пайдасына шешіледі деп жорамалдауда.

Кездесу алдындағы командалар құрамы:

«Бенфика» (4-5-1): Артур — Жардел, Перейра, Гарай, Луизао — Гайтан, Гомеш, Перес, Родриго, Маркович — Кардосо.

«Ювентус» (3-5-2): Буффон — Бардзальи, Касерес, Кьеллини — Пирло, Лихтштайнер, Асамоа, Погба, Видаль — Пабло Освальдо, Тевес.

«Севилья» (Испания) – «Валенсия» (Испания)


Испандық клубтар арасындағы дуэль де тартысты болғалы тұр. Соңғы ойындарында «Севилья» белсеніп келеді. Бүгін де алаң иелерінің «Валенсияны» жеңуге қауқарлары жетеді. Букмекерлік орталықтар «Севилья» жеңісіне – 1,7 коэффициент, тең ойынға – 3,9 коэффициент, «Валенсия» жеңісіне – 4,85 коэффициент беріп отыр. Ойынды «КТК» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Қос ойын да Астана уақытымен сағат түнгі 01:05-те басталады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: livesport.ru

Ө. Сансызбай