Клубтардағы ең жоғары орташа жалақы

Ла Лига Корреспондент
Клубтардағы ең жоғары орташа жалақы

"Sporting Intelligence" клубтардағы ең жоғары орташа жалақыны анықтау мақсатында зерттеу жұмысын жүргізіп көріпті. Бұл жайлы Daily Mail хабарлайды. 

БӨЛІСУ

Бірінші орында ағылшынның «Манчестер Сити» клубы тұр, аталған клуб футболшылары аптасына орта есепте 102 мың фунт стерлинг жалақы алады екен (жылына 5,3 миллион).

Екінші мен үшінші орындарда екі америкалық бейсбол клубтары орын тепкен -  «Нью-Йорк Янкиз» (футболшының жылдық орташа жалақысы  5.2 миллион фунт стерлингті құраса) бен «Лос-Анджелес Доджерс» (5.1 миллион).

Ондыққа «Реал» (4.99 миллион), «Барселона» (4.9 миллион), «Бавария» (4.4 миллион), «Манчестер Юнайтед» (4.3 миллион), «Челси» (3.98 миллион), «Арсенал» (3.9 миллион), «Ювентус» (3.5 миллион), «Ливерпуль» (3.4 миллион) командалары енген. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: dailymail.co.uk