Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына дайындығын бастады

Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына дайындығын бастады

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастап кетті. Бас бапкер Ари-Пекка Селин алғашқы оқу-жаттығу жиындарына негізгі құрамнан көбірек хоккейшілерді шақырды.

Астана қаласы маңындағы Мичурио елді мекенінде дайындығын пысықтағалы жатқан құрама екі топ болып жаттығуда. Бір топ далада жаттығып, бір топ мұз айдынында шынығып, ауысыммен дайындық жұмыстарын бастап кетті. Қатарға осыған дейін жарақат алған Талғат Жайлауов та қосылды. Алдағы уақытта екі топ хоккейшілері бір-бірімен кездесу өткізетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, хоккейден 2014 жылғы әлем чемпионаты мамырдың 9-ы мен 25-і аралығында Минск қаласында өтеді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай