Роналду - Чемпиондар Лигасында ең қымбат ойыншы

Роналду - Чемпиондар Лигасында ең қымбат ойыншы

Чемпиондар Лигасының жартылай финалына жолдама алған клубтар арасында мадридтік "Реал" ең қымбат ұжым саналып отыр.  "Корольдік клуб" ойыншыларының трансферлік құны 571 миллион еуроны құрайды екен. 

Transfermarkt.de келтірген мәліметке сүйенсек, "корольдік клуб" бұл көрсеткішімен мадридтік "Атлетиконы" екі орап алады. Симеоненің қол астындағы футболшылардың жалпы құны 282 миллион еуроны құрайды. 

Чемпиондар Лигасының жартылай финалында өнер көрсеткелі отырған ең қымбат футболшы, ол - Криштиану Роналду. Дәл қазіргі таңда португалдық сұрмергеннің трансферлік құны 100 миллион еуроға бағалануда. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: transfermarkt.de

Л. Лига