Қоржынға алғашқы алтын түсті!

Қоржынға алғашқы алтын түсті!

Кеше Италияның Трентино қаласында байрағын көтерген Қысқы Универсиадада бақ сынап жатқан Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Шаңғышы Татьяна Осипова алтыннан алқа тақты.


Әйелдер арасында он шақырымдық скиатлон жарысында қазақстандық Татьяна Осипова Универсиада чемпионы атанды. Күміс медаль украиналық Катерина Григоренкоға бұйырса, үштікті фин Мариаан Питканен қорытындылады.

Тағы екі қазақстандық Марина Матросова мен  Виктория Ланчакова төртінші және бесінші орындарды өзара бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, кеше мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен өнер көрсетуі керек болатын. Дегенмен спортшы жарақатына байланысты жарысқа қатыспайтыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Орын 

  Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

1

 Czech Republic

1

1

0

2

2

 Austria

1

0

0

1

2

 Kazakhstan

1

0

0

1

4

 Russia

0

1

0

1

4

 Ukraine

0

1

0

1

6

 Finland

0

0

1

1

6

 France

0

0

1

1

6

 Poland

0

0

1

1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com, vesti.kz

Ө. Сансызбай