Роналду мен Блаттер келісімге келді

Роналду мен Блаттер келісімге келді

Мадридтік «Реал» командасының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду 13 қаңтарда Цюрихте өтетін «Алтын доп» иегерін анықтайтын салтанатты кешке қатысатын болды.

Осыған дейін ФИФА президенті Йозеф Блаттер арасындағы кикілжіңнен кейін португалдық футболшы бұл кешке қатыспайтынын айтқан болатын. Кейіннен Халықаралық футбол федерациясының басшысы Роналдумен кездеспек болған еді. Алайда «корольдік клуб» ойыншысы қаламаған-ды. Ал дәл қазір мәлім болғандай, ФИФА президенті мен Роналду телефон арқылы тілдесіп, футболшы салтанатты кешке қатысатынын мақұлдады.

Естеріңізге сала кетсек, 9 желтоқсан күні «Алтын допқа» басты үміткерлер болып Роналду, Месси және Рибери озып шыққан еді. Сонымен қатар Криштиану Роналду өткен маусымдағы Ла-Лиганың ең бағалы футболшысы атанды. Ал Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде 9 гол соғып, жаңа рекорд та орнатты. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.mail.ru

Ө. Сансызбай