"Рома" "кішкентай Мессимен" келісімшартқа отырды

"Рома" "кішкентай Мессимен" келісімшартқа отырды

Италияның «Рома» футбол клубы аса маңызды келісімшартқа қол қойды. Олар «Андерлехт» командасының 10 жасар талантты футболшысы Пьетро Томаселлиді өз командасына қосты.

GIGAfootball.Net және ensonhaber.com порталдарының жазуы бойынша, франциялық талантты жас енді «Қасқырлардың» жасөспірімдер командасында өнер көрсетеді. Италиялық клубтың «болашақ жұлдыздары» үшін қанша ақша төлегені белгісіз.

«Көптеген адамдар оны Марадоннадан да жақсы ойнайды деп сенеді. Бұл жақта оны бәрі жылы қарсы алды. Пьетро ертең үздік ойыншы болады. «Рома» командасының басшылары ол туралы жақсы біледі», - дейді жас таланттың әкесі Пино Томаселли.

Төмендегі видео да 10 жасар Пьетро Томаселлидің ойындары мен әйгілі футболшы Мессидің балалық шағындағы ойындары салыстырылған. Бағдарлап қарасаңыз болашық Месси өсіп келе ме деп қаларыңыз анық...

Бұл видеодан да Пьетро Томаселлидің тамаша ойындарына куә бола аласыздар:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: hln.be

Н. Айдархан