Түркия Премьер-Министрі Месси мен Роналдудан кем өнер көрсетпеді (видео)

Түркия Премьер-Министрі Месси мен Роналдудан кем өнер көрсетпеді (видео)

Ғаламтор желісінде Түркия Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоғанның жасыл алаңдағы жарқын ойыны тарап кетті. Түркия басшысы бұл ойында хет-триктің авторы атанып, үш бірдей голды қарсылас қақпасында тулатқан.

BAKU.WS сайтының хабарлауынша, Түркия Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоған Фатих Терім атындағы ашық стадионда өткен футбол ойынына қатысқан. Ердоғанның голдары кәсіби футболшылардың голдарынан бір кем түспейді.

Бір айта кетерлігі, Түркия басшысы үш бірдей голды 10 минуттың ішінде салған.

Әлеуметтік желі қолданушылары Тайып Ердоғанның голдары Месси мен Роналдудың голдарынан бір кем түспейді деп пікір білдіруде.

Түркия Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоғанның голдарына назар аударайық:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: telegraph.co.uk

Н. Айдархан