Видео: Қызыл қағазды көргенде футболшының қояншығы ұстады

Видео: Қызыл қағазды көргенде футболшының қояншығы ұстады

Көз алдында қызыл қағазды көргенде футболшының қояншығы ұстады...

Швеция чемпионатында "Норчеппинг" пен "Эребр" клубтары арасындағы кездесуде қызық жайт орын алды. "Норчеппинг" ойыншысы Альхаджи Камара ойын үстінде тәртіп бұзғаны үшін төрешіден екінші сары қағазды алады, мұнысы өз кезегінде қызыл қағазға айналған еді.

Алаңнан қуылу Камараға өзгеше әсер еткенге ұқсайды. Еңіреген баладай түр-әлпеті әлем-тапырақ болған Камара жүгірген бойы бірден ойыншылардың киіну бөлмесіне тартып тұрған.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: nyheter24.se

Ө. Сансызбай