Түркияда қолтырауын пішінді стадион салынбақ

Түркияда қолтырауын пішінді стадион салынбақ

Түркияның «Бурсаспор» футбол клубы жаңа стадионының жобасын таныстырды. Жоба жоспарына сәйкес стадион қолтырауын пішінін елестетеді. Құрылыс жұмыстарының нақты қашан басталатыны мен қанша қаржы кететіні белгісіз қалып отыр. Ал жанкүйерлері жаңа стадионға «жасыл қолтырауын» деп ат қойып та үлгеріпті.

Бурса қаласының футбол ұжымы қазіргі таңда ішкі біріншілігінде 11-ші орында келеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.news.am

Ө. Сансызбай