Төреші өз шешімін кері қайтарды

Төреші өз шешімін кері қайтарды

Ағылшынның бірінші лигасында бақ сынайтын «Шеффилд Юнайтед» пен «Брентфорд» арасындағы кездесуде қызықты оқиға орын алды. Бас қазы алаң иелері футболшыларының бірін айып алаңында тәртіп бұзды деп бағалап, алаңнан қуған. «Қызыл қағаз» алған ойыншы алаң жиегіне беттеген сәтте өзінің көмекшісімен ақылдасқан төреші өз шешімінің дұрыс еместігіне көзі жеткен соң, «Шеффилд Юнайтед» ойыншысын кездесуге қайта араластырған. Мұндай оқиға футболда сирек кездеседі. Ал ойында есеп ашылмапты.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: goal.net.ua

Ө. Сансызбай