Жәнібек Әлімханұлы Қазақстаннан кеткен әзірбайжан боксшысынан жеңілді (видео)

Жәнібек Әлімханұлы Қазақстаннан кеткен әзірбайжан боксшысынан жеңілді (видео)
Фото: vesti.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыға алмады. 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз әзірбайжандық Камран Шахсуварулынан жеңіліп қалды.

Қазақстандық боксшы бірінші раундта сылбыр жұдырықтасқанмен, кейінгі екі раундта барын сала жұдырықтасты. Дегенмен бұл раундтардағы қазақстандық боксшының соққылары қарсыласын жеңуге жеткіліксіз болды. Нәтижесінде төрешілер 2:1 есебімен әзірбайжандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, 25 жастағы Камран Шахусаврлы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақстанның спорт шебері, 2011 жылы Серік Қонақбаев атындағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанған. Кәсіпқой боксқа ауысып, Қазақстанның атынан 5 жекпе-жек өткізген.  Кейіннен әуесқой боксқа қайта оралып, Әзірбайжан құрамасының қатарына қосылған. 

Ө. Сансызбай