Қайрат Ералиев өзбек боксшысына есе жіберді (видео)

Қайрат Ералиев өзбек боксшысына есе жіберді (видео)
Фото: google.kz

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Рио Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады. Отандасымыз 1/8 финалда өзбек боксшысы Муроджон Ахмадалиевке жол беріп алды.

Бірінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Джабид Чалабиевті жеңген қазақстандық боксшы екінші жекпе-жегінде жанкүйерлерін қуанта алмады. Дегенмен отандасымыз өзбек боксшысына қарсы кездесуде де осал көрінген жоқ. Шаршы алаңда бірінші болып шабуылға шығып, ширақ қимылдады. Десе де қорғаныста жүріп жұдырықтасқан Муроджон төрешілер тарапынан жоғары ұпайға ие болып, жеңіске жетті.

Қайрат Ералиев – ұлттық құрама сапынан шығып қалған төртінші боксшы. Осыған дейін Берік Әбдірахманов, Біржан Жақыпов пен Абылайхан Жүсіпов жарысты аяқтаған еді. Бір айта кететіні, Біржанды жеңген өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов Олимпиада чемпионы атанды.

О. Сансызбай