Жәнібек Әлімханұлы Қазақстаннан кеткен боксшымен жұдырықтасады

Жәнібек Әлімханұлы Қазақстаннан кеткен боксшымен жұдырықтасады

75 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының ширек финалына шыққан қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әзірбайжандық Камран Шахусаврлымен жұдырықтасатын болды. Бір қызығы, отандасымыздың қарсыласы Қазақстанда туып-өскен боусшы болып шықты.

Әзірбайжан боксшысы 1/8 финалда ресейлік Артем Чеботаревты жеңді. Төрешілер 2:1 (29-28, 29-28, 28-29) есебімен Камран Шахсубарлулын жеңімпаз ретінде таныды. Нәтижесінде ол отандасымыз Жәнібек Әлімханұлына қарсылас атанды.

25 жастағы Камран Шахусаврлы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақстанның спорт шебері, 2011 жылы Серік Қонақбаев атындағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанған. Кәсіпқой боксқа ауысып, Қазақстанның атынан 5 жекпе-жек өткізген.  Кейіннен әуесқой боксқа қайта оралып, Әзірбайжан құрамасының қатарына қосылған.

Жәнібек Әлімханұлы мен Камран Шахусаврлы 15 тамыз күні Астана уақытымен кешкі сағат 22:00-де жұдырықтасады. Тікелей эфирде «Хабар» арнасы көрсететін болады. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 1/8 финалда алжирлік боксшы Ильяс Аббадиді жеңген еді.

Ө. Сансызбай