Максим Раков екінші белдесуінде жеңіліп қалды

Максим Раков екінші белдесуінде жеңіліп қалды
Фото: vk.com

Қазақстандық дзюдошы Максим Раков Олимпиада ойындарындағы екінші белдесуінде жеңіліс тауып, жарысты аяқтады. Отандасымыз чех спортшысы Лукаш Крпалекке жол берді.

100 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз бірінші белдесуінде эстон спортшысы Григорий Минашкинді ұтқан еді. Өкінішке орай, екінші белдесуінде 2014 жылы әлем чемпионы атанған чех спортшысынан айласын асыра алмады. 

Айта кетейік, осыған дейін дзюдо спортынан Елдос Сметов - күміс, Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль алған еді.

Ө. Сансызбай