Алексей Нидің айтқаны айдай келді

Алексей Нидің айтқаны айдай келді
Фото: Данияр Майлыбаев, Изтурган Алдауев

Қазақстандық ауыр атлеттер Рио Олимпиадасының бесінші күні қазақстандық жанкүйерлерді толағай жеңісімен қуантты. Ал ұлттық құрама жаттықтырушысы Алексей Нидің айтқаны айдай келді.

Кеше ғана ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Алексей Ни 1 алтын, 1 күміс медаль алатынын айтып сұқбат берген болатын. Маманның айтқаны тура келіп, 77 келіге дейінгі салмақта Ниджат Рахимов чемпион атанса, қыздар арасында Жазира Жаппарқұл (69 келі) күміс медаль жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орынға көтерілді.

Алексей Ни алда жарыс жолына шығатын екі спортшымыздың (Денис Уланов пен Александр Зайчиков) да жоғарғы нәтиже көрсететіні туралы сұқбат беріп үлгерді. Екі спортшы да алтын алатынын тілге тиек етті. Бұл жолы да Алексейдің айтқаны айдай келсе екен деп тілейміз. 

Алексей Нидің қуанышы

Айта кетейік, осыған дейін ауыр атлеттер Фархад Харки мен Карина Горичева Олимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын. 

О. Сансызбай