Біржан Жақыпов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

Біржан Жақыпов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды
Фото: vesti.kz

Бокстан 49 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Біржан Жақыпов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңіліп қалды. Нәтижесінде Олимпиаданы ширек финалда аяқтады.

32 жастағы қазақстандық боксшы шаршы алаңда барын салғанмен, ескі қарсыласынан айласын асыра алмады. Өзбек боксшысы жылдамдығымен ерекшеленіп қана қоймай, Біржанның қателіктерін оңтайлы пайдалана да білді. Нәтижесінде төрешілер 3:0 есебімен Хасанбой Дусматовты жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, Біржан Жақыпов алғашқы жекпе-жегінде намибиялық боксшы Матиас Хамуниелді ұтқан еді. Ал осыған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Берік Әбдірахманов жарысты аяқтаған болатын. 

Ө. Сансызбай