«16 қыз» фильмінің тұсаукесері өтті

«16 қыз» фильмінің тұсаукесері өтті

2 наурыз күні Алматы қаласы, "Арман 3D" кинотеатрында актерлер қатысуымен «16 қыз» фильмінің тұсаукесері өтті. Романтикалық комедия Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және "KANAIDAR Production" бірлесуімен жарыққа шықты. "16 қыз" фильмінің тұсаукесерінде фильм жөнінде 16 қызықты факті айтылды. Бірқатарымен таныс болыңыздар.

Қолайсыз ауа-райына, жағымсыз жағдайларға, кезіккен келеңсіздіктерге қарамастан, "16 қыз" фильмінің түсірілімін бас-аяғы 16 күнде аяқтаған.

Тұсаукесерге келген қонақтарға алғыс айтып, түсірілім ұжымын құттықтау үшін фильм продюсері Айдархан Әділбаев сөз бастады. 

Режиссер Қанағат Мұстафин "Досмұқасан" тобы орындауындағы "16 қыз" әнін естігенде осы ән секілді комедия жанрында фильм неге түсірмеске деп ойлаған. Бұл идея оған жеті жыл бұрын келген екен.

Фильмдегі Айжан атты арудың ролі Аша Матай табиғатына жат емес. Ол Фильм түсіріліміне қатысқан барлық әріптесіне, ата-анасына, романтикалық комедияға түсуге рұқсат берген жары Арман Қоңырбаевқа алғыс айтты. "Берік Айтжанов та, Әнуар Нұрпейісов те өз ролін өте жақсы алып шықты. Фильм өзіме өте ұнады. Сіздерге де ұнайды деп сенемін", - деді.

Қанағат Мұстафин "16 қыз" фильмі үшін арнайы жасалған тортты кесіп, өзге де тәттілермен бірге қонақтарға үлестірді.

"Сендерде бір алтын бар,
Сол алтынды сұрай келер салтым бар", - деп "Бел-құда" дәстүрі жөніннен хабардар ететін ата салтының "құрбаны" болған Айжан қыз түсірілімде қатарынан алты самса жеуге мәжбүр болған. Фильм кастингіне келген 3862 адам арасынан іріктеп алынған 16 қыздың портреті тұсаукесерде көрмеге қойылды. "Аша Матай" портретінің авторы: Құралай Нұрқаділова.

Асты шебер әзірлейтін, мінезі де мақпалдай жұмсақ, биязы, инабатты, жақсы ана бола алатын, Жапон тілінде сайрап тұрған Мақпал қыздың (Жанаргүл Жаныаманова) портретін салған Жеңіс Какенұлы.

Қаланың қымбат киімдері мен қымбат ресторанынсыз өмірін елестете алмайтын Асель Қалиева сиыр сауып, жүн түтетін ауыл өміріне көнгісі келмейтін қыз ролінде ойнайды. Портрет авторы: Әділғали Баяндин.

"Бұл шуба саған арналған. Мұндай нәрсе жігіттің әйеліне берілуі керек, сүйіктісіне емес" деп, Айжанға мәселенің мән-жайын түсінуіне түрткі болған қыз ролінде ойнайтын Жания Джуринская. Суретті салған: Каир Оразғалиев.

"Баян Сапар" портретін салған: Бердібеков Бахтияр.

"Нұргүл Алпысбаева" Сәкен Бектиар.

"Мөлдір Абдрахманова" Утегенова Гульмира

"Айкен Түктібаева" Ажар Төлеухан

"Нұргүл Мыңғатова" Өмірзақ Гүлназым

"Салтанат Есмұратова" Өмірзақ Айнұр

"Айжұлдыз Адайбекова" Айдар Ерғали

"Мадина Ақылбекова" Жеңіс Мырзабеков

"Дана Алибаева" Алмас Мұстафа

"Жания Қалиева" Утегенова Гүлмира

10 миллион долларға бағаланып, ауру баланы ажал аузынан арашалап қалған C 333 BBM нөмірлі бұл волганың не сыры бар екен? 3 наурыздан бастап кинотеатрлардан өздеріңіз көріңіздер.

Трейлерін көре салысымен фильмге баруға асыққан жұрт тұсаукесер рәсімінен күлкіге қарқ болып, риза кейіппен шыққанда, есік алдында тұрған бұл тосынсыйды көріп қуанышы қуанышқа ұласты.