Алматы Жеңістің 70 жылдығын атап өтті

Алматы Жеңістің 70 жылдығын атап өтті

1941 — 1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысқан. Республикамыздан 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы шайқастың алғы шебінде ерлік көрсетті. Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғаған. Міне бабаларымыздың жанқияр ерліктерінің арқасында осылай бейбіт күн кешудеміз. Бүгін 9 мамыр жеңіске 70 жыл толып отыр. Жеңіс күнін Алматы қалай атап өтіп жатқанын назарларыңызға ұсынбақпыз.

Бүгінгі күн толассыз құйған жаңбырмен басталды. Сағат 9.00-де біз де 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы паркіне бардық. Жауған жаңбырға қарамай, бабаларымызға тағзым етуге қала жұрты толықтай дерлік жиылған тәрізді.

Бүгінгі ұрпақ соғыс жолында қаза болған батырларымыздың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, бас иіп тағзым етуде.

Кей ата-аналар балаларына киім де тіккізіп, бүгінгі мерекені ыстық ықыласпен күткенін дәлелдеді. 

Жеңіс тақтасы да орнатылған. Жастарымыз осындай өмір сыйлаған бабаларымызға алғыстарын естелік етіп, осы тақтаға жазып жатыр.

Сол сұрапыл соғыстан аман оралған батырларымыз да майданда қаза тапқан серіктестеріне, жолдастарына басын иіп көздеріне еріксіз жас алып жатыр.

Әрине біздің бейбіт күніміз үшін өз жандарын құрбан еткен ер жүрек аталарымызға тағзым ету біз үшін үлкен абыройлы міндет.

Бұл кішене ғана қыз да аталарымызға кеудесіне қолын қойып басын иіп тұр. Жас қана сабиден мұндай құрметті күтпеген батырларымыз көздеріне еріксіз жас алды.

Саябақтың орталық алаңында үлкен сахна құрылып ардагерлерімізге концерттік бағдарламалар да дайындалып көрсетілді.

Батырларымыз көрсетілген сый-құрмет бүгінмен бітіп қалмақ емес. Әрқашанда ардагер аталарымыз үлкен құрметке лайық.

Бүгін 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы паркте үлкені де, кішісі де жиылып, барлығы гүл шоқтарын қоюда.

Парк ішінде әр бұрышқа осылай батырларымыздың есімі, ерлігі мен дәрежелері жазылған. Өздері қасымызда болмаса да, есімдері жүректерімізде мәңгі сақталады.

Бүгінгі мерекені атап өтуге толассыз жауып тұрған жаңбыр да кедергісін келтіре алмайды. Барлығы дерлік гүл шоғын қоюға асығуда.

Біз де өз кезегімізде гүл шоғын қойып, бабаларымызға бас иіп қайттық. Мерекелеріңіз құтты болсын! Бізге тыныш өмір сыйлаған ата-бабаларымыз мәңгі жадымызда қалады!