MBFWA: Динара Қасымова ұсынған топтама

MBFWA: Динара Қасымова ұсынған топтама

19 қазан күні The Ritz-Carlton Almaty-да Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығының соңғы көрсетілімі өтті, − деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Mercedes-Benz Fashion Week − еліміздегі көптен күткен шараларының бірі. Аталмыш шара Қазақстандық сән индустриясының дамып, өркендеп келе жатқанының бірден-бір дәлелі десе болады.

Dinara Kassym бренді 2014 жылдың наурыз айында пайда болды. Киім және аксессуарларын шығарумен айналысатын бұл брендтің басты қағидасы − ыңғайлылық. Динара кезінде Италиядағы Миланның еуропалық дизайн институтында білім алған. Оның ойынша, әрбір адам өзінің "менін" табуы керек. Өзінің топтамасын дайындауда Динара классика мен қарапайым стильді үйлестіруге тырысты. Нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз:

Сурет: @Фариза Әбілова