ҚазҰУ-да "80 теңгелік түскі ас" акциясы өтті

ҚазҰУ-да "80 теңгелік түскі ас" акциясы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті "Сұңқар" студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай "80 теңгелік түскі ас" қайырымдылық шарасы өтті.

Ұлттық университеттің белсенді студенттері бұл шараны жыл сайын ұйымдастырады. Акция студенттерге мерекелік көңіл-күй сыйлау және жастарды бос уақытын тиімді пайдалануға үндеу мақсатында өткізіледі.

Ұлттық университеттің студенттері кезекпен асханаға кіріп, небары 80 теңгеге арнайы талон сатып алады. 

Мәзірде палау, тайша ет және басқа да тағамдар ұсынылды. Одан бөлек, дәмді йогурттар берілді.

Қоғамдық шараның қолдаушылары Danone компаниясы және Алемнур даму орталығы.

Ал сексенінші талонның иегері Нұржан есімді студент арнайы сыйлықпен марапатталды.

"Сұңқар" студенттер кәсіподағының белсенді мүшелері қызмет көрсетті.

Түскі ас ұйымдастырушылар дайындаған әсем ән мен тәтті күйге жалғасты.

Тіл үйіретін тағамнан дәм татқан студенттер ізгі тілектерін қағаз бетіне жазып қалдырды.

Сурет: ©massaget.kz