«Еуразия барысы» ІІ халықаралық турнирі ел есінде қалай қалды?

«Еуразия барысы» ІІ халықаралық турнирі ел есінде қалай қалды?

Кеше киелі Тараз топырағында қазақ күресінен «Еуразия барысы» ІІ халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жанкүйерлер делебесін қоздырған дода жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, өз биігінен көріне білді. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға жарыстың үздік сәттерінен көріністер ұсынамыз. Ендеше, суреттер сөйлесін.

Мың бұралған бишілер жарыс шымылдығын түрді

Дода биыл қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, жауырыны жерге тимеген балуаны Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналды. Жарыс алдындағы мерекелік іс-шаралар да ұлт ұлысының жаңа қыр-сырын танытатын қойылымдармен шымылдығын түрді. 

Жеңімпазға берілер алтын тайқазан ортаға әкелінді

Балуандар шығатын киіз үй.

Жарысқа қатысушы 12 құрама ортаға шақырылды

Сап түзеген 12 құрама

Жеребе тарту рәсімі. Қытай құрамасы қазақ балуандарының қарсыласы атанды.

Моңғолдарға 12 саны түсіп, жерлестерімізбен тек финалда ғана белдесетіні белгілі болды.

Қазақстан құрамасының балуандары бірінші болып қытайлықтармен белдесіп, аз уақыттың ішінде ғана қарсыластарынан басым түсті. Тек Айбек Нұғымаровтың қарсыласы Едиир ғана соңына дейін шыдас бергенмен, ұпай айырмашылығымен жеңілді.

Тәжік балуандарынан жеңілген өзбектер Қытай мен Польша құрамаларынан кейін жарысты аяқтаған үшінші құрама болды.

Жиналған жанкүйерлер саны да сәт санап артып отырды.

"Әлем барысында" көрермен көзайымына айналған тәжік Дадохан Құрбанәлиев жарысты жеңіліспен бастады.

Моңғолдар ресейлік балуандарды қарсылас құрлы көрмеді.

 

Ширек финал алдында "Қоңыр" тобы жанкүйерлерді бір қуанышқа бөледі.

Қазақ балуандары екінші белдесулерінде жеребе көмектескен Әзірбайжан құрамасын жеңді.

Қырғыз балуандары ерекше қонақжайлылық танытып, моңғолдарға айыр қалпақтары мен жалаушаларын сыйлады.

Десе де моңғолдар қарсыластарына ұпайдан шашау шығарған жоқ.

Жарыстағы аса ауыр салмақтағы моңғол балуаны - Сугаржаргал Болдпурэв улы. Оның салмағы - 170 келі.

Сап түзеген қазақ балуандары.

Қазақстан құрамасы ширек финалда грузин балуандарын 4:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Тек Дәулетхан Жақыпов қана қарсыласына есе жіберді.

Белдесу барысында жарақат алып, финалға қатыса алмады.

Ереже бұзған Дәулетханға ескерту бермегендегі грузин балуанының көзқарасы.

Моңғол балуандары жартылай финалда Тәжікстан құрамасын жеңіп финалға шықты. Ал үшінші орын үшін Грузия мен Тәжікстан балуандары белдесетін болды.

Жүлделі белдесулер алдында "Алашұлы" тобы өз өнерімен жанкүйерлерді тәнті етті.

Үшінші орынды «Еуразия барысына» алғаш рет қатысып отырған Грузия құрамасы жеңіп алды.

Моңғол құрамасын бастап келген қазақ бапкер - Бақыт Одынайұлы. 

Финалдың бірінші кездесуінде Абзал Арыстанбеков Хэрлен Гандволдқа есе жіберіп алды.

Екінші белдесуде Қайрат Ағыбаев Цагаанбаатар Хашбаатардан ұтылды.

Үшінші белдесуде жарақат алған Дәулетхан Жақыповты алмастырған Бегімхан Әділбеков сауатты күресе білді. Бірақ, соңғы сәтте қарсыласы басымдық танытып кетті. 

Мұхит Тұрсынов белдесуге көңілсіз көтерілді. Күресте қайта-қайта белін қарсыласына алдырып алумен болып, жеңіліс тапты.

Айбек Нұғымаров қана қарсыласы Сугаржаргал Болдпурэв улынан басым түсті. Нәтижесінде моңғолдар өткен жылғы есесін қайтарып кетті. 

Моңғолдар финал соңынан жанкүйерлерге құрмет көрсетті.

«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры Қамқорлық Кеңесінің төрағасы Арман Шораевтың ерекше киім стилі.

VIII орын алған Түркия құрамасы 2 000 АҚШ долларын иеленді.

VII орын алған Украина құрамасы 3 000 АҚШ долларын иеленді.

VI орын алған Қырғызстан құрамасы 4 000 АҚШ долларын иеленді.

V орын алған Әзірбайжан құрамасына 5 000 АҚШ доллары табысталды.

IV орын алған Тәжікстан құрамасы 6 000 АҚШ долларына ие болды.

Грузия құрамасы 1 0000 АҚШ долларымен қоса, қола жүлдегер атанды.

Екінші орын алған Қазақстан құрамасы тұғырға көңілсіз көтерілді. Жерлестерімізге 20 000 АҚШ доллары табысталды.

Бірінші орынды иеленген моңғолдарға 50 000 АҚШ доллары тарту етілді. 

Марапаттау шарасына қатысқан облыс әкімдерінен өзге қазақ атын шығарған спортшылар Жақсылық Үшкемпіров пен Марат Мәзімбаев та сыйлықтар табыстады.

Жүлделі орыннан көрінген құрамалар естелік суретке түсті.

Жарыс аяқталғанмен, жанкүйерлер тарай қойған жоқ. Өйткені, "Hyundai Accent" автокөлігі тігілген лоторея бар еді.

7 жасар бала таңдаған лотореяда шымкенттік Әділхан Тәжиевтің жолы болып, үйіне көлік мініп қайтты. 

Сурет: massaget.kz