Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Хан Қорық" жастар фестивалінің екінші күні

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Хан Қорық" жастар фестивалінің екінші күні

"Хан Қорық" фестивалінің екінші күні Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен басталды. Алғашқы күні ұзақ жол жүріп, мол мұрамен танысқан қатысушылардың жүзінен шаршаған күй мүлде байқалмайды. Барлығы жақсы тынығып, таңның атысымен сергек екендерін бірден аңғартты. Ақсақ Темірдің әмірімен тұрғызылған алып кесененің қандай болатыны бұрын көзбен көрмеген жұртшылық үшін құпияға толы еді.

Кесене маңына көлікпен жақындай бергенде, көк түсті күмбездің әсем көрінісін көрген студенттер таңданыстарын жасырмады.

Әулиелі жерде әурет жерлерін жауып жүру ескертілгендіктен, қатысушылар арасындағы қыздар қауымы орамалдарын тағып, алдынан шығар сөкпе сөздерден ада болды.

Бір қарағанда биіктігі аса үлкен болмағанымен, ішінде үлкен адамның қабірі жатқаны айтылып, қашан соғылғаны туралы аз-кем мағлұмат берілді. Бұл жерден Есім ханға топырақ бұйырған екен. 

Қожа Ахметтің кесенесі жұртшылықты таңғалдыра, тамсандыратыны жасырын емес. Ішіне кіріп, барлығын аралап сыртқа шыққан жамағат Рабиға бегімнің кесенесіне көз тастайды екен. 

Экспедиция мүшелері Зәулім кесенелермен танысқаннан кейін, Яссауидің пайғамбар жасынан кейінгі өмірін өткізген жер астындағы мешітке қарай жол тартты. 

Жер асты мешітіне бас сұқпастан бұрын қатысушылар үлкендігі аса байқалмайтын, сол уақыттағы ескі жер бетіндегі мешітке бас сұғып танысты. Көне заманнан бері тұрған құдық ең бірінші назарға ілінді.

Қатысушылар құдықтың астындағы судан дәм татып, жолын ары қарай жалғастырды.

ХІV-XV ғасырда пайдаланылған шырақтар мен ХІХ ғасырдағы тәспі мешіт ішіндегі құнды жәдігерлердің бірі саналады.

Жер асты мешітінің ішіндегі мына шекпен ескі болса да, өң бермепті.  

Яссауи өмір сүрген жер асты мешітінің макеті. Мұнда көптеген бөлмелер мен арнайы жолдар көрсетілген.

Ал мынау жер астындағы бөлмелердің қалай орналасқанын көрсетеді. Байқап қарасаңыздар, жер астындағы мешіттің де күмбездері болғанына көз жеткізесіздер.  

Әңгімелесіп отырған молдалар. Олай дейтініміз, Яссауи дін жолын берік ұстанғандықтан мұнда тек уағыз айтып, дін жолында жүрген жандар ғана болады деп топшыладық.

Жер астына түсіп келе жатқан діни адамның мүсіні. 

Ал мынау дәл сол Яссауи мекен еткен жер асты мешітінің жоғарыдан кірер тесігі. Қазіргі таңда ешбір жан мұнда кірмегеніне, өрмекшінің көптен бергі тоқылған торы дәлел. 

Түркістанның таңғажайып кесенелерімен танысқаннан кейін, студенттер арнайы геологиялық тақырыпта дайындап келген жұмыстарын паш етті. 

Керемет нысандармен салынған Яссауи университетінің көрінісі көздің жауын алады. Ғимараттың мәдениет залында орналасқан макеті. 

Экспедицияның қандай мақсатта құрылғанын және не үшін жұмыс істеп жатқанын айтқанда студенттер ұйып тыңдады. Өзіне керек ақпаратты күнделігіне түртіп отырған қатысушылар да кездесті. 

Жастардың жұмысын тыңдап, тыңғылықты дайындықтарына куә болған кісі соңында ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Семинардың соңында Қашқария экспедициясының жетекшісі болған, жазушы Смайлжан Иминов өз ойын айтып қорытындылады.