Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Фоторепортаждар / "Ұлытау мұрасы" экспедициясы. Бесінші күн

"Ұлытау мұрасы" экспедициясы. Бесінші күн

Екі күн қатарынан жылы үйде қонған "Nomad Explorer" мүшелері Ұлытау өңіріндегі төртінші түнін Қараторғай өзенінің жағасына тігілген шатырларда өткізді. Таңға жуық соққан қатты желден ерте оянған оларды тосын сый күтіп тұрған еді. Бірнеше тәулік құбылып тұрған ауа-райы бұл күні шайдай ашылып, аспанда шөкімдей бұлт қалмапты. Бүгін қара жолмен көп жүруге тура келетіндіктен, көпшілік осы жайтқа аса қуанды. Таңғы астан кейін барлығы жиналып, жолға шықты. "Терісаққан көктемі" этнофестивалінен өте әсерленген экспедиция мүшелерін енді таңғалдыру қиынға соғар. Алайда олар таңданатын дүние әлі алда секілді.<

Көліктер лагерьден шыға сала кедергіге тап болды. Қараторғай өзенінің суы түнде сәл көтерілген екен. Абырой болғанда ешкім суда қалмай, экспедиция келесі нысанға уақытылы жетті.<

Жолының 90 пайызы қара жолдан тұратын бұл мекенге джиптермен келудің өзі оңай болмағанын айта кеткен жөн. Десе де жергілікті халықтан "Көруге тұрарлық!" дегенді естіген соң, экспедиция мүшелері аяғына дейін шыдады.<

Ақжар деп аталатын бұл жер расында көруге тұрарлық екен. <

Экспедиция мүшелері таңданыстарын жасыра алмады.<

Көліктерден түсе сала, олар табиғаттың осы бір кереметін жақыннан тамашалауға асығып, жоталарды аралауға кірісіп кетті.<

Топтан бөлініп, өз ойымен жеке қалуға тырысқандар да болды.<

Ерекше кадр іздеген фотографтар алдымен нені түсіретінін білмей абдырап қалды.<

Ақжарды алғаш көргенде, әлемнің талай кереметін көрген жандардың көздері де жан жаққа жүгіріп кететіні жасырын емес.<

Бұл мекенге келіп, Марс ғаламшарына балағандар да болды.<

Енді біреулер жекелеген жоталардың Австралиядағы Улуру төбешігіне ұқсас екенін айтып жатты.<

Бірін еске салып, біріне ұқсас болса да бұл мекен өзіндік ерекшелігі бар табиғаттың қайталанбас кереметі екені анық.<

Әрі ол түнгі аспанда ғана көрінетін ғаламшарда немесе өзге материкте емес, өзіміздің киелі жерімізде орналасқан.<

Ақжарды көргеннен кейін экспедиция мүшелері "Қазақстанның бізге белгісіз әлі қаншама кереметі бар екен?" деген сұрақ төңірегінде ойланумен болды.<

Айта кетерлігі, Қарағанды облысы мен Қостанай облысының шекарасында орналасқан бұл жоталар саз топырақ пен гипстің бірнеше минералдары араласуы әсерінен түрлі түске боялған.<

Ақжарды жануарлар мен жәндіктердің түр-түрі мекен етеді.<

Негізінен топырақ пен тастан тұратын жоталарда шөп жоқ.
 
Дегенмен айналасы өсімдікке толы.
 

Қоршауда қалған бір түп шөп<

Өмірмен күрескен гүл< Ұйқыға кеткен айдаһар

 
Бүгінде Ақжар жоталарын туристер жиі келетін нысан ретінде қалыптастыру қаралып жатыр.
 
Алайда бұл жердің топырағы адам ізінен өзіне тән қыртысқа толы көрінісін жоғалтуы мүмкін екенін ескерсек, айтылған ойды жүзеге асыру оңайға соқпасы анық.
 

Ғажап көріністерге сүйсініп жүріп, экспедиция мүшелері уақыттың зымырап өткенін байқамай да қалды.<

Дегенмен басқа нысандарға бару керек болғандықтан, түстеніп алғаннан кейін олардың Ақжармен қоштасуына тура келді.<

Ақжардан шыққаннан кейін көліктер легі тосыннан ескі мешітке кезікті.<

Қазірде айналасында ешқандай қоныс жоқ бұл мешіт осыдан 200 жыл бұрын салынған екен.<

Сонымен қатар, мұнда балаларды оқытатын ескі медресе болған көрінеді.
 

Ғимарат маңы салынуы жағынан өзгеше стилі бар мазарларға толы.<

Мешіт жанында көп тұрақтамай, экспедиция бағытын жалғастырды. Бұл жолы келген ауылымыз Шеңбер деп аталады.<

Шеңберге қатысты көпшілікте екі түрлі пікір қалыптасты. Күн сәулесінен қуат алатын заманауи құрылғылар тұрғанына қарап, ауыл өмірі жақсы деді біреулер.<

Ал қираған үйлердің көптігіне қарап, ауыл өмірі нашар деді екіншілер.<

Дегенмен экспедицияның бұл жаққа келудегі мақсаты ауыл өмірін бағалау емес, кезінде ағылшындар салып, тастап кеткен қорғасын шахтасымен танысу болатын.<

Жергілікті тұрғындардың бірі топ бастап, "Nomad Explorer" мүшелеріне шахтаны көрсетуге келісті.<

Оның айтуынша, XX ғасырдың басында бұл жерге ағылшындар келіп, қорғасын өндіруді бастаған екен. Алайда орын алған саяси жағдайларға байланысты олар кетуге мәжбүр болыпты.
 

Содан бері шахталар бос күйінде әлі тұр.<

Тіпті арнайы арбаларға да ешкім тиіспеген көрінеді.<

Ал қорғасын өндірілмеген күйі жатыр.<

Шахтаны аралап болғаннан кейін экспедиция бірнеше шақырым жер жүріп, XX ғасырдың басында салынған Мақат сағанасына соқты.<

Бұл сағананың ерекшелігі, ішінде бір адам емес, түгелдей бір әулеттің өкілдері жатқандығында. Сонымен бірге, қайтыс болған адамдар жерленбей, ақ матаға оралған күйі арнайы дайындалған тақтаға қойылғаны да көпшілікті таңғалдырды.<

Нысанның сыртына салынған оюлар ескі мешіттің маңында орналасқан мазарлардың оюларымен бірдей екенін байқағандар да болды.<

Мақат сағанасынан шыққаннан кейін ұзақ жол жүріп, экспедиция бүгіндікке тұрақ болатын Кененбай көліне жетуге асықты.<

Біз көлге жақындаған шақта күн ұясына кіріп кеткен еді.<

Ал көл маңындағы ғажап көрініс, бұл күнді қорытындылайтын әдемі нүкте болды.<

Жалғасы бар...<

Ілмек сөздер: "Ұлытау мұрасы" экспедициясы. Бесінші күн, Ұлытау мұрасы, Ұлытау, қазақ жері, тарих, Мақат сағанасы, 20 ғасыр ескерткіштері, ағылшындар шахтасы, английские шахты в Казахстане, Қорғасын, Коргасын, Шеңбер, Шенбер, шахта, 200 жылдық мешіт, Ақжар таулары, горы Ақжар, Ақжар жоталары, табиғат, керемет, номад, nomad explorer, nomad, kazakhstan, kazakh history, қазақ тарихы, Ұлытау, Ulytau, Улытау, Марғұлан Сейсембаев, экспедиция, Қазақстан, көрікті жерлер

3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Yernar Almabek
Қосылған күні:20 мамыр 2016, 16:34
Тегтер: "Ұлытау мұрасы" экспедициясы. Бесінші күн, Ұлытау мұрасы, Ұлытау, қазақ жері, тарих, Мақат сағанасы, 20 ғасыр ескерткіштері, ағылшындар шахтасы, английские шахты в Казахстане, Қорғасын, Коргасын, Шеңбер, Шенбер, шахта, 200 жылдық мешіт, Ақжар таулары, горы Ақжар, Ақжар жоталары, табиғат, керемет, номад, nomad explorer, nomad, kazakhstan, kazakh history, қазақ тарихы, Ұлытау, Ulytau, Улытау, Марғұлан Сейсембаев, экспедиция, Қазақстан, көрікті жерлер