"Жұлдыздар тоғысқанда" фильмінің тұсаукесері қалай өтті?

"Жұлдыздар тоғысқанда" фильмінің тұсаукесері қалай өтті?

27 сәуір күні Алматы қаласы, "Арман 3D" кинотеатрында актерлер қатысуымен "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмінің тұсаукесері өтті.

Қабырғаға ілінген үлкен постер.

Атақты адамдардың өмірі, жастық шағы, жетістікке жету жолы барлық адамға қызық. Бүгінгі кейіпкеріміз жай ғана атақты адам емес, ел Президенті. Туындының алғашқы көрсетіліміне халық көп жиналды.

Оның ішінде өнер жұлдыздарын да көзіміз шалып қалды.

Сонымен қатар, фильм туралы ақпаратты тарату үшін БАҚ өкілдері де көптеп шақырылған екен.

Шақыру билеті.

Қонақтар түсірілім тобының келуін асыға күтті. Кішкентай балаларға дейін естелік алып қалу үшін телефонын тосып, камерасын қосты.

Міне, көптен күткен түсірілім тобы да келді.

Фильм режиссері Сергей Снежкинді қалың қауым қол шапалақтап, қошеметпен қарсы алды.

Театр мен кино актері Азамат Сатыбалды.

Фильмде Қарлығаш Мұхамеджанова Дариға Назарбаеваның рөлін сомдады.

Сара Алпысқызының рөлінде ойнаған Алтынай Нөгербек.

Бас кейіпкерді, яғни Елбасыны сомдаған Берік Айтжанов.

Фильмнің бас продюсері Тасболат Мерекенов журналистермен сұхбаттасып жатыр.

Фильм көрсетілімі басталмас бұрын туындыға қатысты пікір алмасу болды.

Назардың бәрі, әрине, Сергей Снежкинде.

Туындыда екінші пландағы кейіпкерді сомдаған Азамат Сатыбалды да картинаға қатысты өз пікірін білдірді.

Пікір алмасу аяқталғаннан кейін, режиссер түсірілім тобын танысытырып, көрермендерді фильм тамашалауға шақырды. Фильм туралы деректермен алдыңғы фоторепортажда таныс еттік.