Назарбаев мектебінде өткен Наурыз мейрамы

Назарбаев мектебінде өткен Наурыз мейрамы

Отыз күн ойынын, қырық күн тойын жасаған қазақ халқы үшін кез келген мерекенің орны айрықша. Әсіресе, Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту дәстүрі жылдан-жылға қанатын жайып келеді. 22 наурызда республика көлемі, аудан мен ауыл-аймақтардан басталатын мейрам сәуір айының ортасына дейін тойланып жүр.Бұл да бірлігі жарасқан бейбіт елдің бір бақыты болса керек-ті. Сондай іс-шаралардың бірі – Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өтті.

Наурыз мейрамына жиналған халықтың қарасы көп болды. Демалыс күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға ата-аналардың көптеп келгені байқалды. 

Ұл-қыздарының өнерін көріп, бір мәз болыс-ты.

Әсем ән де...

күмбірлеген күй де...

мың бұрылған бишілердің биі де...

барлығы-барлығы жиналған көпшілікті үлкен қуанышқа бөледі.

Зияткерлік мектептегі салтанатты іс-шара Наурыздан бөлек, Алматының 1000 жылдық мерейтойы мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына да орайластыра ұйымдастырылған. 

Ал жүргізушілердің тапқырлығы мен сөз саптау шеберлігі шыңдалғаны анық байқалды.

Қазақтың ұлттық киімі қандай әдемі десеңізші?!

Ұлттық нақыштағы киімнің бір үлгісі

Наурыз биі

Мектеп ұстаздары да өнерден құр алақан емес екендіктерін көрсетті.

Назарбаев зияткерлік мектебіндегі Наурыз мейрамы кішкентай балақайлар үшін де қызыққа толы болды.

Аға-әпкелерінен "қалыспай" би билеп...

Наурыз мейрамын "өздерінше" көңілді өткізді.

Ата-анаға көз қуаныш - алдына алған еркесі! 

Белгілі сазгер Алтынбек Қоразбаев Елбасының сөзіне жазылған "Сарыарқа" әнін шырқады.

Сондай-ақ, шәкірттері "Меломен" тобымен де бірге ән орындады.

"Меломен" тобы "Сүйгенім бол" және Елбасыға арналған әндерін орындап, жиналған қауымды Әз Наурыз мейрамымен құттықтады.

Өнер жұлдыздарының құттықтауына халық та зор қошемет көрсетті.

Мейрам соңына қарай оқушылар мен ұстаздар "Қара жорға" биін биледі.

Қара жорға болмаса, бидің сәні келе ме?!

Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме?!

Ал қәнекей жолдастар, біреуің шық тойбастар,

Той дегенде дейді екен, домалайды қу бастар.

"Қара жорға" биінен кейін, жиналған жұртшылыққа Алматының бір символы болып саналатын жеміс - алма таратылды. 

Бұл - көпшілік күтпеген тосынсыйлардың бірі болды.

Мейрамға келгендер сарқыттан қуана-қуана дәм ауыз тиіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.