Сабақ жоспары: Балықтарға жалпы сипаттама (Биология 7-сынып)

Сабақ жоспары: Балықтарға жалпы сипаттама (Биология 7-сынып)
Фото: www.wikiwand.com

Сабақтың тақырыбы: Балықтарға жалпы сипаттама

Жалпы мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды балықтар класымен таныстырып,олардың тіршілік әрекетін және табиғаттағы маңызы туралы мәліметтер беру

Дамытушылық: Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып оқушылардың ой өрісін, дүниетанымын кеңейту

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа,табиғатты аялауға,тірі ағзаларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

– Оқу үрдісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;

– Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;

– Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді;

Түйін: Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді басшылыққа ала отырып диалогты дамыту, өз ойларын ашық айтуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, өзін-өзі әділ бағалауға бағыттау. АКТ-ны пайдалану, Блум ойлау үш бұрышын пайдалана отырып, білім деңгейін нығайту.

Оқыту нәтижесінде:

– Өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау;

– Балықтардың түрлерін,маңызын, тіршілік ету ортасы туралы ақпарат алады;

– Шеміршекті,сүйекті балықтардың ерекшелігін ажырата алады;

– Алған білімін тәжірибе жүзінде нақтылай біледі;

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақ типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсіл: топтастыру, өз бетімен білім алуға, өзіндік ізденіс, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: слайдтар, топтама, интерактивті тақта, схемалық суреттер, электронды оқулық, аквариумдағы тірі балық, зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар.

Пәнаралық байланыс: география, дене тәрбиесі, әдебиет, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

(Сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу)

Ынтымақтастық атмосферасын орнатамын.

Бүгінгі көңіл күйлерің қандай? Өте жақсы!

«Мен саған, сен маған» үй тапсырмасын тексеру кезеңі (Оқушылардың қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруін қадағалау).

1. Неліктен тип желілілер деп аталған?

2. Желі қандай қызмет атқарады?

3. Қандай желілілерде желі мен жүйке түтігі өмір бойы сақталған?

4. Қандауырша қандай жануар?

5. Желілілер қандай тип тармақтарға бөлінеді?

6. Қабықтылар тип тармағына жататын асцидиялар қандауыршадан

қалай ерекшелінеді?

7. Қандауыршаның ішкі құрылысы неден тұрады?

8. Асцидия қаны мен ұлпаларында қандай химиялық элементтер болады?

9. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген орыс ғалымы?

Жалғасы

@. @assel_assanova