Сабақ жоспары: Балықтардың көптүрлілігі (Биология 7-сынып)

Сабақ жоспары: Балықтардың көптүрлілігі (Биология 7-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Балықтардың көптүрлілігі. Кәсіптік маңызы бар балықтардың негізгі түрлері

Сабақтың мақсаты:

а) балықтардың алуан түрлілігі, кәсіптік маңызы бар балықтардың шаруашылықтағы маңызы жайлы мәлімет беру;
б) ойын еркін жеткізе білу, дағдысын қалыптастыру, білім мен біліктілікті қалыптастыру;
в) табиғат байлығын қорғауға үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, «қарлы кесек» ойыны
Көрнекілігі: оқулық, дәптер, суреттер
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу (оқушыларды топқа бөлу)

ІІ.Дайындық кезеңі: І топ Тестті орында
1. Балықтың гидростатикалық қызмет атқаратын ішкі органы -
А) асқазан ;Б) желбезектер; Г) жүзу торсылдақтары 
2. Балықтың есту органы ?
А) сыртқы құлақ; Б) құлақ болмайды; В) ішкі құлақ
3.Балықтың омыртқасы құрылысына қарай неше бөліктен тұрады?
А) 2; Б) 3; В) 5
4.Балықтарды зерттейтін зоология саласы?
А) ихтиология; Б) брахтология; В) герпетология
5. Балықтардың қан айналым шеңбері?
А) тұйық ;Б) ашық; В) қан айналу жүйесі дамымаған
6. Балықтардың жүрегі ?
А) бір камералы; Б) екі камералы; В) үш камералы
ІІ топ Биологиялық диктант 
Балықтардың барлығы —----------------------------— суға шашады. Уылдырық шашу үшін сапар шегетін балықтар ------------------------------ деп аталады. Балықтың денесі —--------, ------------------, ----------------- бөлімдерінен тұрады. Балықтар —------------------------------— арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады. Балық жүрегінде үнемі --------------------- болады. Ми сүйекті қауашақ -------------------— орналасқан.

ІІІ топ Сәйкестендіру тестті сызықтармен сәйкесін қос

1. Ихтиология          а) Көбею кезіндегі орын ауыстыру
2. Бүйір сызық         ә) Сүйекті балықтардағы жоғары-төмен түсуді реттейтін мүше 
3. Торсылдақ           б) Жүру бағытын анықтаушы
4. Өрістеу                в) Балықтардың болашақ ұрпағы 
5. Уылдырық           г) Балықтарды зерттейтін ғылым

3. Үйге тапсырма беру. Өз бетімен іздену.
Балықтардың көптүрлілігі жайлы ақпарат жинау. 

Автор: Қалияждарова Бақытгүл Орынбекқызы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Ораз Жандосов атындағы орта мектептің мұғалімі 

Сурет: allwalls.net

Е. Жұмабайұлы