Әдебиеттің халықтығы туралы (теория)

Әдебиеттің халықтығы туралы (теория)

Әдебиеттің халықтың мұң-мұқтажын, қуанышы мен сүйінішін шертіп отырғаны, келешек ұрпаққа берілер тарих. Белгілі ғалым Зейнолла Қабдолов «Әдебиеттің халықтығы – тарихи категория» деген екен. Әдебиет, егер, біртұтас халықтың белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі жайын айтса, халықтық болмақ.

Пушкин «Бірқыдыру уақыттан бері біздің арамызда халықтық жайлы сөз қозғау, халықтықты талап ету, халықтықтың жоқтығына қынжылу әдетке айналады. Бірақ халықтық деген сөздің мағынасы не? Оны анықтау ешкімнің ойына келмей жүр» депті. Халықтық орыс әдебиетінің тек бір-екі ғасырында ғана байқалған екен. «Халықтық» терминін П. А. Вяземский ұсынған. «Халықтық – әдеби шығарманың терең мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан, белгілі бір тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін баратын, қаһарманның мінезін, дүние танымын, іс-әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым. Халықтық – ақындық қайнары, сөз өнерінің тамыр тартар топырағы». Бұл – тағы да Зейнолла Қабдоловтың «халықтық» деген сөзге берген анықтамасы. Халықтықты танытудың бірінші жолын жоғарыда айттық: біртұтас халықтың белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі жайын айту. Бұл – бір. Халық мақсатын айқындап, мәселелерін шешу бар. Бұны екі деп біліңіз. Мысалды алыстан іздемей, өзіміздің төл мұрамыздан алайық. Мәселен, Абай Хакімнің шығармашылығын алайық. 
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.
Осы жолдан-ақ, әдебиет халықтығының екі мақсат көрініп тұр. Бастапқы тармағында өз уақытында ғылымның бар екенін ескермеген, өзінің кеш түсінгенін айтады. Бұл – автордың жай-күйі. Ол халықтың ақынын болғандықтан, халық атынан сөйлейді. Яғни, бұл халықтың жайы болмақ. Ал екінші мақсаты қалай көрінеді десек? Екінші мақсатын соңғы екі жолынан байқаймыз. Өзі өкінген соң, баласын оқытуға беріп, баласының көзін ашпақ. Уақыт өткен сайын айтылар жай да өзгерері хақ. Халықтың мүддесін, арманын, мақсатын айтып, оны шешіп, орындаған әдебиеттің халыққа берер көмегі зор. Тағы қарапайым бір мысал. Асанқайғы «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманның орнағанын қалады. Ал қазір елдігімізді алған соң, автордың мақсаты орындалды. Ендігі мақсат тек, бабалар арманының орындалғанын жазу. 
Әдебиет халықтығы өз міндетін әрдайым орындайды. Оны орындайтын – сіз бен біз.

Сурет: 3.bp.blogspot.com

Е. Жұмабайұлы