Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы Аман образының көркем жинақталуы

Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы Аман образының көркем жинақталуы

Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романының сюжеттік құрылымын берерде Аман арқылы сол кездегі елдің жағдайын көрсетеді. Осыдан шығарманың өн бойында Аманның тіршілігі әңгіме болады. «Атылған оқ» бөлімінде Аманның елге жаны ашығыш екенін байқаймыз. Оған «Аманның қабағы салыңқы, ауыр отыр. Столында түтеленген қағаздар көп. Бәрі ауылдан түскен арыздар. Арыз сайын кемі бір қиянат, ұрлық не зорлық бар. Біреуді біреу, көзі тайса, ұрлап, әлі жетсе, зорлап жатқан тәрзді. Аман оқиды да күрсінеді. Биыл күрсінуден көз ашқан жоқ...Жасы жиырма мен отыздың арасында болса да, отыз бен қырықтың арасындағы жігітке ұқсайды». Оның ақылының толысып келе жатқанын әр оқиғаның барысында автор беріп отырады. «Аман ойланып қалды. Қазақта ер құнынан, жесір дауы, жер дауынан үлкен ештеме жоқ. Бұл үшеуі екі адамның ғана емес, екі рулы елдің дауы. Малқар сияқты нәннің қолындағы келінін айрыпы алу, Малқармен қоса, бүкіл сол рудың намысын қоздырады. Одан қорқып совет заңынан теңді, әділет жолынан шығуға Аман қорланады. Елге келіп, мемлекет ісіне тастай береді қазекең. Кеспесе, шешілмейтін ескі түйін. Аман беріп кетпе жігіт емес, жас та болса, қарияша толғанды біраз».

Сонымен қатар, оның аңғақұмар қасиеті бар. «Қыс күндері бұнда аңшылар келе алмайды, кереғар. Жылқы қостап шыққан кезде жылқышылар ғана там-тұмдап аңшылық етеді. Аңқұмар Аман: «Қысты күні жылқышылардың қосында жатып, тым құраса, бірере жұма аң аулап қайтар ма еді!...» деп келеді...» Бұл үзінді айтқан ойымызға дәлел болып отыр.

Әрі ол өз ортасының білімді адамы. «... «Народный университет на дому» журналдардағы лекцияларды тапжылмай, күн ұзын оқығанда тоймайды, талмайды. Кешке оқуға шам жоқ... Мысалды осы ортаның өзінен алып, өзі шешіп бергенде, жолдастары ұстазындай тыңдап, ұйып қалады...» Міне айғағы.

Намысшыл. «Бұл – Аман.  Тұтқында отыр. Қолында - «Народный университет на домудың» бір номері. Қоғамтану лекциясын оқып отыр. Бұрын астық сарайы болған осы кішкентай тұтқын үйге енгізіп жібергенде, ол бір шыңырауға түсіп кеткендей сезінді. Кең даладан келіп, қапас қамауға бірінші рет тұтқиылдан түскен жастың көңілі торға түскен бүркіттей аласұрып, көпке дейін ақыл-ойға ырық бермеді. Тұла бойын намыс кернеп, қызарып, булығып, «жазығым не?» - деген бір сұраққа жауап таба алмай сенделумен болды».

«Ұят-ары жоғары жігіт қазір қызарумен қоймай, танауының үсті де тершіді». Бұл автордың Аманның ар-ұятының көркемдігін жеткізіп тұр.

«Аман былтыр келгенде, бәрінің басын қосып, былай деген: «... Жатақ болып алдыңдар. Енді үй-қораларынңды түзеп, поселке тәртібіне көше беру креек. Мойынсеріктің пайдалы екенін көрдіңдер. Енді серіктіктің бұдан да пайдалы түріне көшу керек... орталық қор жасаңда. Жұмыс көлігін, өндіріс құралдарын ортаға салыңдар. Сонда еңбек өнімі де, дәулеттерің де арта түседі... Қазына жәрдемі алдымен сендерге беріледі...» Бұл үзіндіден Аманның ұйымдастырғыш қабілетін, сондай-ақ, оның халықты өзіне қарата алатын жан екенін байқаймзы. Тағы да, үзіндіні оқысақ, назар аударатын бір тұсы бар: оның алға ұмтылғысы келетіні, дамып-өркендеу оның тілегі.

Міне, осындай Аманның тағы да қыр-сыры көп. Бұл – Ғабиденнің авторлық тұлғасының жемісі. Бір ғана Аманның тағдыры арқылы бүкіл өңірдің хал-ахуалын, ішіндегі талай оқиғаларды бір-бірімен ұштастыра беру де автордың шеберлігі. Аманның көркемдік бейнесін, болмысын осы роман арқылы танысып, білдік.

Сурет: forex-investor.net

Е. Жұмабайұлы