Поэма жанрында қалам тартқан көрнекті қаламгерлер

Поэма жанрында қалам тартқан көрнекті қаламгерлер

Қазақ әдебиеттінің поэма жанрына Міржақып Дулатұлы, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сынды  қаламгерлеріміз өздерінің сан алуан үлесін қосып, біраз еңбек қалдырып кеткен.

Қазақ сөз өнері ғасырдан-ғасырларға жалғасып келе жатқан ұлы көш сияқты.  Осы көштің соңынан ілескен жер жаннаты Жетісудың Алаштың өлең көк жиегіне мәңгілік сөнбейтін жарық жұлдыз боп қалған жыр Құлагері Ілияс Жансүгіров еді. Қазақ поэзиясының көркемдік жағынан дамуына өз үлесін қосты. Алдаспан өткір қылыштай ақындығымен бірге  әдебиеттің бірнеше саладарымен проза, сатира, аудармашылықпен де айналысты. Ақынның қалдырған қисапсыз мұрасы сан ұрпаққа азық болар құнды жауһазын, баға жетпес қазына десек ауыз толтырып артық айтпаған болармыз. Жекелеген өлеңдерінен басқа бірнеше поэмалар жазды. Мысалы: «Күй», «Күйші» ,«Дала» ақын «Құлагер» поэмасында :

Батыраш бала жастан атқа құмар, 
Айқайшыл ат әперген баққа құмар.
Арам ой, атанамыс ұр-шоқпары, 
Кір көңіл, сарайының батпағы бар.

Бұлбұл көмей әнші ақан серінің тұлпары «Құлагерге»  жасалған қастандықты айшықты ой, көркем тілмен  замана бет пердесін ашып беріп, бұл сұрқия қастандықтың астарында Ақан серіге ғана емес жалпы өнерге шабылған ай балта екенін жырына арқау етеді.

Оқи отырыңыз:

Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: өндіріс тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ақындарға» өлеңіне талдау

Ғ.Мүсірепов «Аманкелді», Ә.Әбішев «Достық пен махаббат» пьесаларын талдау

Ілияс Жансүгіровтың «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңдеріне талдау

Сурет: vk.com

Н. Нұрмаханұлы