Евгений Абдуллаев: «Жазушы ештеңе істеуге міндетті емес»

Евгений Абдуллаев: «Жазушы ештеңе істеуге міндетті емес»
Фото: Евгений Абдуллаевтың жеке архивінен

Евгений Абдуллаев (Сухбат Афлатуни) – ақын, прозашы әрі сыншы, пәлсапа ғылымының кандидаты. Сыни мақалаларын өз атымен, ал өлеңдері мен прозалық шығармаларын Сухбат Афлатуни деген лақап атпен басып шығарады. «Қазан» журналының сыйлығының иегері («Октябрь», 2004, 2006), «Орыс сыйлығының» («Русская премия», 2005), «Триумф» жастар сыйлығының (2006) иегері. 2006 жылдан бастап «Шығыс жұлдызы» («Звезда Востока») журналының редакция алқасының мүшесі. 2008 жылы «Халықтар достығы» («Дружба народов») журналының редакция алқасының кұрамына кірген.

— Кемеліне келген авторға әдеби фестивальдер не береді?

— Одан әрі даму мүмкіндігін береді.

— Жазушы өз азаматтық ұстанымын ашық білдіруі керек пе әлде «өз ісімен айналысып, саясатқа араласпауы керек» пе?

— Жазушы ештеңе істеуге міндетті емес. Бірақ қаласа, істесін.

— Қалай ойлайсыз, фестивальге сізді не үшін шақырдық?

— Бұл нәрсе туралы ойлаған кезде, бәрінен бас тартқым келеді.

— Астана мен Алматы — сіз үшін екі бірдей қала ма әлде әртүрлі ме?

— Бірінші әріптерге көңіл аударсақ, бұл екі қала бір-біріне ұқсас. Бірақ Астанада «Полифония» фестивалі өткізілмейді.

— Өзіңіз білетін қазақстандық жазушыларды атай аласыз ба?

— Ой, бұл ұзақ әңгіме болып кетеді…

— Қазақстан туралы жазылған туындыларды білесіз бе?

— Жоғарыда атап айтылмаған авторлардың шығармаларын қоспағанда, Булгариннің «Иван Выжигин» романы және Домбровскийдің дилогиясы есімде.

Қ. Бүйенбай