Денис Осокин: «Мен үшін Алматы мен Астананың орны бөлек»

Денис Осокин: «Мен үшін Алматы мен Астананың орны бөлек»
Фото: Денис Осокиннің жеке архиві

Осыған дейін 1-ші тамыздан 15-ші қазанға дейін Қазақстанда балалар әдеби байқауы өткізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз. Байқауға қатысуға қазақстандық мектеп оқушылары мен 18-ге толмаған кәсіби оқу орындары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары шақырылады. 

Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фистивалінің шеңберінде өтетін «Балалар әдеби конкурсы - 2015» байқауында қонақ болып, төрелік етіп, мастер-класс жүргізетін қонақтарымыздың бірінен алынған сұхбатты ұсынамыз. 

Денис Осокин – ақын, жазушы, сценариші. «Знамя» («Жалау»), «Октябрь» («Қазан»), «Вавилон», «Улов» журналдарының жарияланымдарымен, «Шабындықтағы мари халқының аспан әйелдері» («Небесные жёны луговых мари»), «Сары торғайлар» («Овсянки») көркем фильмдерімен аты шыққан. Әдебиет пен кино сыйлықтарының иегері: 2013 жылы «Шабындықтағы мари халқының аспан әйелдері» («Небесные жёны луговых мари») кітабымен Андрей Белый атындағы сыйлығының «проза» аталымында финалына шыққан.

2014 жылы «Үздік сценарий» аталымында «Ақ піл» («Белый Слон») кино сыншылары мен баспасөз гильдиясының сыйлығының иегері. Осы сыйлықты Д.Осокин «Шабындықтағы мари халқының аспан әйелдері» («Небесные жёны луговых мари») атты көркем фильмнің сценарийі үшін алған.

«Революция періштелері» («Ангелы революции») көркем фильмнің сценарий авторы (режиссері А. Федорченко, 2014 жылы). Бұл фильм Рим кино фестивалінің ерекше жүлдесін алған және 2015 жылы Роттердам кино фестивалінде көрсетілген.

— Кемеліне келген авторға әдеби фестивальдер не бере алады?

— Сапардан алған қуанышты әсерді, әріптестеріңмен араласу және жаңа жерде адамдармен танысу мүмкіндіктерін.

— Жазушының өз азаматтық ұстанымын ашық білдіруі керек пе әлде «өз ісімен айналысып, саясатқа араласпауы керек»?

— Бұл оның жеке ісі. Сіз сұрақ қойғандай болу міндетті емес, яғни біріншісі екіншісін жоққа шығармайды.

— Қалай ойлайсыз, фестивальге дәл сізді не үшін шақырдық?

— Еңбектерім сіздерге қызықты болғандықтан. Солай емес пе?

— Астана мен Алматы — сіз үшін екі бірдей қала әлде әртүрлі?

— Бірдей емес.

Шығармалар мен байқауға қатысуға өтініштер litshkola@gmail.com электронды поштасына қабылданады.

Қ. Бүйенбай