Мектеп тазалығын жақсартуға бір қадам

Мектеп тазалығын жақсартуға бір қадам
Фото: massaget.kz

Статистикалық мәлімет бойынша әлемдегі 2,5 миллиард адамның гигиеналық таза дәретхана қолдануға мүмкіндігі жоқ. Бұл – түрлі ауруға себепші болатын факт. Қазақстан да бұл мәселеден сырт айналып өте алмайды. Әсіресе мектептегі гигиена мәселесі, соның ішінде дәретхана тазалығы мен дәретханалардың қамтылуы – кезек күттірмейтін мәселе. Мектеп мемлекеттік мекеме болғанымен, ондағы оқушылардың жағдайы һәм құқығы қоғам назарында.

Мектеп дәретханасындағы гигиенаның маңызы қаншалықты?

1) Дені сау балалар;
2) Бала психологиясы;
3) Жарқын болашақ.

Гигиена бала денсаулығы үшін қандай рөл атқаратыны түсінікті жайт. Физиологиялық фактордан бөлек психологиялық әсері барын да ұмытпаған жөн. Себебі лас дәретханалар балалардың жайлылығына кері әсер етіп, олар одан қашқақтай бастайды. Мұның соңы психологиялық ауытқуға әкеліп соғады, оқу үлгерімі де нашарлайды. Оқушының мектептегі тұрмыс туралы көзқарасы былай тұрсын, болашақта дәретхананың тазалығы мен тәртібі туралы көзқарасы бұзылады. Бұл мәселеге бей-жай қарамайтын қоғам мүшелері де жоқ емес.

19 қараша – әлемдік дәретхана күні. Жаңа қарқын алып, қоғам назарын аудартып келе жатқан бұл күнмен бірге Unilever компаниясының жаһандық науқаны да маңызға ие болып келеді.

Компания "Тұрақты даму мен өмір сапасын арттыру жоспары" (Unilever Sustainable Living Plan, USLP) бағдарламасын тұрақты жүргізіп келеді. Бұл Unilever компаниясы жұмыс істейтін әлемнің кез келген елінде жүргізілетін жоспарлы бағдарлама. Оның негізінде қоғамдық, қайырымдылық шаралар өтеді. Мысалы Unilever Kazakhstan компаниясы Domestos бренді негізінде Қазақстан мектептерінің дәретханаларын қолға алды. Компания 2016 жылдан бастап "Domestos мектеп бағдарламасын" жүзеге асырып келеді.

– Біз қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның 1000 мектебін назарға алдық. Бұл Қазақстандағы мектептердің жартысы деуге болады. Онда  1 300 000 оқушы оқиды, – дейді Unilever Kazakhstan компаниясының маркетинг-менеджері Екатерина Дмитриева.

Тазартқыш құралдың мектептер үшін материалдық және танымдық маңызы бар екен.

– Біз шара басында мектептерге тек Domestos өнімін таратып шектелдік, ал биыл ауқымды жоба ретінде жүзеге асырдық. Domestos енді жыл сайын бір мектептің дәретханасын ретке келтіріп, нормаға сай етіп жасап береді. Мысалы биыл Алматыдағы № 35 мектепке санитарлық және техникалық жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ мектептерде балаларға арналған арнайы шағын курстар ұйымдастырдық. Оның негізінде оқушылар дәретхана тәртібімен, мәдениетімен танысып шықты. Мектеп тазалығына жауапты техникалық қызметкелер де назарымыздан тыс қалмады. Оларға арнайы 500 тренинг ұйымдастырылды, – дейді Unilever Kazakhstan компаниясының өкілі Мәрвә Етик.

Алматыдағы № 35 мектеп директорының орынбасары Стефания Кучербаева айтуынша Domestos мектепке ерекше сый жасаған екен.

– Компанияның бұл жобасы әлеуметтік маңызға ие. Мектебімізге осылай қолғабыс болғаны үшін алғыс білдіреміз. Олар мектептегі бастауыш сынып оқушыларының дәретханасын ретке келтірді, заманауи кабиналар салып, жаңа жабдықтар орнатты.

Unilever жобасына қоғам қайраткері, "Аутизм победим" жобасының авторы Аружан Сайын да атсалысып жатыр.

– Unilever компаниясы Domestos өнімдерін біздің "Аутизм победим" орталығына сыйға тартты. Сол арқылы қоғам назарын түйіткілді мәселеге аудартып жатыр деп ойлаймын. Қаладағы мектептерді назарға алмасақ, қазір шет аймақтардағы мектептерде дәретханалар далада орналасқан. Бұлай болмауы тиіс. Өйткені әр баланың таза, ыңғайлы, заманауи дәретханамен қамтамасыз етілуі – оның құқығы. 

Unilever Kazakhstan компаниясының бас директоры Бану Дуюлду айтуынша компанияның бұл шарасы жай ғана шара емес, адам өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік жоба. 

– "Domestos мектеп бағдарламасы" қазіргідей жылына бір рет емес, енді жылда белсендірек және жиі жүргізілетін болады. Бұл бір уақытша шара емес, зайырлы болашақтың іргетасы деп білемін. Сондықтан қоғам өкілдерін жұмыла кірісуге шақырамын.

Компания жүргізген мониторингке сәйкес, жоба басталғалы бері мектептердің тазалық сапасы 9%-ға артқан екен. Аталған "Domestos мектеп бағдарламасы" 2020 жылға дейін жалғасады.

Massaget.kz