Тұлға болу үшін не істеу керек?

Тұлға болу үшін не істеу керек?
Фото: 2.warwick.ac.uk

Адамдар тек ойлау үшін ғана жаратылған жанды заттар емес. Олар – санасы мен эмоциясы бар, өз алдына қайталанбас жеке тұлғалар. Алайда сол қасиетке ие болмаған немесе тұлға болып қалыптасуға ұмтылатын жандар аз. Сол себепті мамандардың тұлғалық қасиеттерді дамытуға арналған бірнеше кеңесін ұсынамыз.

1. Әдеттегі күн тәртібіңізді өзгертіңіз. Ең қарапайым тәсілі: теледидар қарап отырғанда бұрын-соңды көрмеген бағдарламаларды іздеу.

2. Оқыңыз әрі тұрақты оқырманға айналыңыз. Өзіңізге ұнайтын журналдарды немесе кітаптарды, сайттардағы мәліметтерді толықтай оқып отырыңыз.

3. Оқу барысында ойлана отырыңыз. Құбылыстарды саралап, анализ жасау үшін уақыт табыңыз. Оқып болысымен шығарманың түйінін іздеуге кірісіңіз. Автордың өзі байқамаған тұстарды анықтаңыз. Кешке миды тынықтыруды ұмытпаңыз.

4. Өзіңізге талап қойыңыз. Үйреніп қалған кеңістіктен шығыңыз. Жалқау болсаңыз, бастапқыда белсенділікті арттырып, оптимист болуға көмектесетін курстарға қатысыңыз.

5. Қысқа да нұсқа жазып, барлық мәліметтерді көз алдыңызға толығымен елестетіп отырыңыз. Әрдайым ойыңызға келген идеяларды кітапшаға немесе электронды құрылғыға жазып отырыңыз.

6. Тыңдап үйреніңіз. Өзгенің сөзін тыңдау мен назар аудару – екі бөлек дүние. Әрдайым адамдардың нені айтқысы келгендігін ұғынып отыру керек. Қоршаған ортадан жинаған ақпараттарды достарыңызбен немесе әріптестеріңізбен бөлісіп отырыңыз.

7. Айналада болып жатқан істерге мән беріңіз. Күніне аспанға қарап, құстардың дауысын тыңдаңыз. Оны естіген соң өзіңізді қалай сезіндіңіз?

8. Мәдениетті болуға үйреніңіз. Театрға, мұражайларға барыңыз. Мұндай жерлер ұнамайтын болса, орнына қалаған мәдени ошақтарды таңдаңыз.

9. Жақындарыңызға қамқор болыңыз. Қоршаған ортадағы адамдарды пайдаланып қалуға тырыспаңыз. Өзімшілдік қасиетін шетке ысырып, адамдарға қалай көмектесе аламын деген сұраққа жауап іздеңіз.

10. Физиологиялық тұрғыдан жетіле түсіңіз. Жүзумен, жүгірумен, т.б.-да спорт түрлерімен айналысыңыз. Үнемі қозғалыста болуға дағдыланғаныңыз жөн. Бұл ағзаға ғана әсер етіп қоймай, ми қызметін жақсартады.

11. Шығармашылыққа бейім болыңыз. Шығармашылық адамы болсаңыз, сүйікті ісіңізбен айналысуға әрдайым уақыт тауып отырыңыз. 

Г. Берік