2-сынып оқушылары жаңа оқулықпен оқиды

2-сынып оқушылары жаңа оқулықпен оқиды
Фото: vk.com

Биыл 2-ші сынып оқушыларына арналған бірыңғай оқулық енгізіледі. Қазір сала мамандары әр пән бойынша оқулықтарды іріктеп жатыр. Ол үшін 126 мұғалімнен тұратын арнайы комиссия да құрылған. Олар апта бойы 2-ші сынып оқушысына неғұрлым түсінікті болатын кітаптарды саралап, мұқабасына безендірілуі мен салмағына да мән беріп отыр. Талқылау жұмыстарына ұстаздардан бөлек, ата-аналар да қатысқан. Енді республикалық комиссияның отырысында нақты шешім қабылданады. Айта кетейік, былтырдан бастап 1-ші сынып бірыңғай оқулықпен қамтамасыз етілді. Бұл шара жыл сайын кезең-кезеңімен іске асырылады. Ал 2020 жылдан бастап 5 пен 9, 2022 жылы 10 мен 11-ші сыныптарға бірыңғай оқулық енгізу көзделіп отыр.

Хабар

М. Оңғарова