Тест. Салғырттықтан не шығады?

Тест. Салғырттықтан не шығады?
Фото: voxpopuli.kz

Анаңыз дүкенге жұмсағанда не үшін барғаныңызды ұмытып немесе қайтарым ақшаны алуды естен шығарып жүресіз бе? Әкеңіз балға сұраса, шеге әкеліп тұратын сәттер басыңыздан өтті ме? Бұл қасиетіңізді ата-анаңыз алаңғасарлық деп түсінері сөзсіз. Ал сіз себепсіз «ұмытып кеттім» деп ақталасыз. Олай болса, бойыңызда мұндай қасиеттің шынымен бар-жоғын бірге анықтайық.

Ол үшін төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп отырыңыз.

1. Жазу жазып отырғанда көп қателік жібересіз бе?
2. Сөйлеп отырғанда не үй тапсырмасын дайындап отырғанда біреу кедергі келтірсе ашуланасыз ба?
3. Іш пыстыратын сюжетке толы кітап оқып отырып, кешкі асқа не дайындайтыныңызды, гүлді суару керектігін тағы сол секілді өзге тірліктерді ойлап кетесіз бе?
4. Сіздің лексиконыңызда c2ktv деген сөз бар ма?
5. Жолда өлең тыңдап келе жатып, жолдың екінші бетіне өту керектігін ұмытып кететін сәттер бола ма?
6. Соңғы көрген киноңыз туралы досыңызға баяндап беруге қиналасыз ба?
7. Біреу телефонмен сөйлесіп отырғанда, теледидар қосулы тұрғанда есеп шығару мүмкін бе?
8. Біреуге көйлек не кітап бергеніңізді жиі ұмытып қаласыз ба?
9. Балалық шағыңызда Жаңа жылға не досыңыздың туған күніне сыйлық таңдау қиындық тудыратын ба еді?
10. Дүкенде қайтарылған ақшаны алуды жиі ұмытып кетесіз бе?
11. Сізді ояту қиын ба?
12. Жаңбырды ұнатпайсыз ба?

Енді тек «жоқ» дегенді жауап санын санаңыз. Жауап санын қарап, мына қорытындыны оқыңыз.

8 ұпайдан жоғары

Сіз өз затыңызға да, өзгенің затына да сақтықпен қарайсыз. Жаңа қаланың А нүктесінен Б нүктесіне дейін өзіңіз еркін тауып бара аласыз. Сіздің есте сақтау қабілетіңіз алаңсағарлықты ысырып тастайды. «Сақтықта қорлық жоқ» деген нақылды тұмарыңыздай ұстайсыз. Шулы орындар сіздің жүйкеңізге мүлдем әсер ете алмайды.

4-8 аралығы

Маңызды дүниелерді естен шығармауға тырысасыз. Тәуекелге барудан қорқасыз. Әр іске аяғыңызды тартыншақтап басасыз. Кей кезде аңғалдығыңыздан алаңғасарлығыңызды байқамай қаласыз. Кейін есіңізге түсіп, бәрін ретке келтіре аласыз. Сіздің бір ерекшелігіңіз – осы.

4-тен төмен

Үнемі ойдың үстінде жүресіз. Қиялыңызға қанат бітіп, өз әлеміңізден шықпай қаласыз. «Аяқ киіміңіздің бауы шешіліп кетіпті» деп қалжыңдаса да сеніп қаласыз. Бір кезек өмірге шынайы көзқараспен қарап көріңіз. Ойдың жетегінде жүріп көп дүниеден құр қалуыңыз мүмкін.

Г. Берік